» » "Сау жүрек" көшпелі ақпараттық акциясы

"Сау жүрек" көшпелі ақпараттық акциясы

29-қыркүйек Дүниежүзілік Жүрек күніне орай Қармақшы Аудандық Орталық Аурухана бойынша ЖДО және СӨСҚ мамандарының ұйымдастыруымен Ақжар ауылының Жасұлан Жұбандықов басшылық ететін емханасында ауыл тұрғындарымен және директоры Амантұр Оспанов басқаратын №28 орта мектебінде оқушылармен кең көлемде акция өтті. Ауданнан келген кешенді медициналық жылжымалы автобуста (ПМК) тар буынды медицина мамандары ауыл тұрғындарымен қатар медициналық тексеруден оқушыларды да өткізді.
Ұлттық бағдарламаға сәйкес өткен бұл "Сау жүрек" көшпелі ақпараттық акциясының мақсаты: ағзаның ең маңызды бөлігі - жүректің құндылығы, оның рөлі және оны сақтау, қоғамның назарын жүрек қан-тамырлары ауруларының алдын алуға аудару. Аудандық емхана кардиологы Б.Кәріқұлов бұқара халыққа салауатты өмір салтын ұстанып, жүрек саулығына баса назар аудару керектігін айтып, белсенді өмір сүруді насихаттап, әртүрлі жас санаттарындағы адамдарға жүрек қан-тамыр ауруларының профилактикасын жүргізу керектігін түсіндірді. СӨСҚ маманы Дариха Құлмырзаева, емхана психологы Әмина Кетебаева өз кезегінде жан-жақты ақпараттандырып, түсіндіру жұмыстарын жасап, буклеттер таратты.
Сондай-ақ мектептегі тәрбие ісінің орынбасары Аянбек Тоқтамысов пен әеуз жетекшісі Б.Көзбергенова ұйымдастырған 7-сынып оқушыларымен өткен флешмоб биі, дене шынықтыру жетекшілері Аман Сүлейменов, Нұрдәулет Жеңісов, Мансүр Садақбаев өткізген 9-сынып оқушылары арасындағы эстафеталық сайыстар жастарды спортпен айналысуға насихаттайды, тәни белсенділікті нығайтуға шақырады. 
Бүгінгі ЖҮРЕК күніне арналған іс-шара жоғары дәрежеде өз мәресіне жеткендей.
Келушілер көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына оңды жауаптар алып,пайдалы кеңестерге құлақ түрді. Ауыл үлкендері ақ баталарын беріп, медицина қызметкерлерінің еңбегіне жеміс тілей отырып, алғыстарын жаудырды.
Осындай ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақыттарда да үздіксіз жүріп тұрады.
30 қыркүйек 2022 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930