» » Доллар күрт қымбаттады

Доллар күрт қымбаттады

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 481,29 теңгені құрап, бірден 3,43 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ресей рублінің орташа бағамы да 7,85 теңгеге (+0,16) дейін өсті.
Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 67,85 теңгені (-0,10) құрады.
Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк оның бағамын 474,19 теңгеге белгілеген.
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 482-486 теңгеден, еуроны - 472-480 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль 7,2-7,65 теңгені құрады.
Сонымен қатар сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсті.
Мәселен, Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,53%-ға өсіп, барреліне 90,31 долларды құрады.
WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қараша айында 0,49%-ға, барреліне 83,35 долларға дейін көтерілді.
22 қыркүйек 2022 ж. 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930