Құрылтай
» » Нұр-Сұлтанда жәрмеңке өтеді

Нұр-Сұлтанда жәрмеңке өтеді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев сұхбат берді.
10-11 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласы "Астана Арена" спорт кешенінің жанында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылатын жәрмеңке бұл жолы өзіндік сәнімен ерекшеленеді.
Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Көрмеге Сыр елінің мақтанышы, негізгі дақыл - күріш, Қызылорданың бүкіл Қазақстанға әйгілі қауын-қарбызы, Арал теңізінің дәмді балығы және басқа да өнім түрлері ұсынылады.
Сонымен қатар, сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылады.
Жалпы жәрмеңкеде 70-ке жуық Сырдың дихандары мен кәсіпорындары 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын 500 тоннадан астам өнімдер ұсынады.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы


09 қыркүйек 2022 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31