» » «Адалдықтың алып айнасы – Қалтай Мұхамеджанов»

«Адалдықтың алып айнасы – Қалтай Мұхамеджанов»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Адалдықтың алып айнасы – Қалтай Мұхамеджанов» атты тақырыпта кезекті адалдық сағаты өтті.
Бір мезетте өңірдің 135 мектебіндегі оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған адалдық сабағындағы дәрісті  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы мен Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарыІзімбетов Әзизбек Жәнібекұлы өткізді.
Қазақстанның халық жазушысы, драмматург, «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерінің иегері – Қалтай Мұхамеджанұлының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен парасаттылық пен адалдық толы ғұмыры дәріс барысында еске түсіріліп, жас ұрпаққа қандай да бір жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығы насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оқушылар сабақ соңында айтылған ақпараттар мен көрсетілген бейнеролик бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар сауалдарына жауап алды.
09 қыркүйек 2022 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 912
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 615

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930