» » Жалынды жастар – жарқын болашақ

Жалынды жастар – жарқын болашақ

ЖАСТАР – ҚАШАНДА АСҚАҚ АРМАН МЕН ҮМІТ, БИІК АР МЕН ӨР НАМЫСТЫҢ СИМВОЛЫ. ҚАЙ ЕЛДІҢ БОЛМАСЫН БАСТЫ КАПИТАЛЫ ХАЛҚЫ ДЕСЕК, СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІ РӨЛІН АТҚАРАДЫ.
Төретам кентінде 12 тамыз – халықаралық Жастар күні мерекесіне арналған «Жалынды жастар – жарқын болашақ» атты мерекелік кеш өтті. Мәдени іс-шара әсем әнмен ашылып, кент өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасына ұласты. Кештің екінші бөлімі белсенді жастардан құрылған «Бірлік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық спорт ойындарымен жалғасын тапты. Асық ату, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру сынды бірқатар ойын ойналып, белсенді жастардың ұйымшылдығы сайысты одан әрі қызықты, әрі тартымды етті. Жастар қазақ тарихынан сыр шертетін сұрақтарға да жауап беріп бақ сынасты. Сайыс жеңімпаздарына «Бірлік» қоғамдық қоры дайындаған арнайы жүлделер мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара соңында кент әкімі Ғ.Елеусіновтің арнайы алғыс хатымен «Бірлік» қоғамдық қорының төрағасы Қанат Кушенов, Айдос Серімбетов, Данияр Насрадинов және кент өнерпаздары Бақтияр Сабырбаев, Азамат Адаев сынды белсенді жастар марапатталды. Осындай көңілді әрі тәрбиелік мәні бар, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
«Қт» ақпарат
13 тамыз 2022 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031