» » Жол қателікті кешірмейді...

Жол қателікті кешірмейді...


Қызылорда гарнизонындаәскери бөлімдер мен мекемелердіңбарлық санаттағы әскери қызметшілерініңқатысуыменшара өтті.
Жиынға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов жетекшілік етті. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының әкімшілік полиция басқармасының полиция капитаны Ғабидолла Нағметов пен әкімшілік практика бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Бауыржан Досмағұл шараға арнайы шақырылды.
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Жасұлан Іскендіров пен Қызылорда қаласы әкімшілік полиция басқармасының өкілдері жеке құрам қауіпсіздігінің алдын алу үшін көлікпен жол жүру ережелері мен жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары туралы баяндама жасап, көлік оқиғалары мен әкімшілік-қылмыстың статистикалық көрсеткіштеріне тоқталды.
Айлық іс-шараның негізгі мақсаты автокөлік жүргізудегі мәдениеттілікті арттыру, әскери қызметшілердің жол-көлік апаттарын, әкімшілік құқық бұзушылықтарды, жүргізушінің көлікті түрлі жағдайда басқаруын болдырмау мен қылмыстың алдын алу болып табылады.
– Өткізіліп жатқан іс-шаралар әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді. Жеке автокөлігі барәскери қызметшілермен айлықтан тыс жылдық кешенді жоспардың негізінде теориялық, іс-тәжірибелік сабақтарда өткізіліп тұрады. Алдын алу шаралары әскери қызметшілердің қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз өмірі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді, – деді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов.
Қарулы күштердегі әр әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығы маңызды. Осындай шаралар гарнизонда үнемі өткізіліп тұрады.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы лейтенант
10 тамыз 2022 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930