» » «Адал көмек» жобасы аясындағы мәселе өз шешімін тапты

«Адал көмек» жобасы аясындағы мәселе өз шешімін тапты

Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғыны М.Байекешовтың апасын мүгедектік тобына шығару мәселесі туралы ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY» ғимаратында «Адал көмек» жобасы аясында Арал ауданы тұрғыны М.Байекешов пен Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазилов кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуде азамат М.Байекешовтың көптен бері шешілмей келе жатқан оның апасын мүгедектік тобына енгізу мәселесі тыңдалды.
Нәтижесінде науқастың сырқатына сай емдеуші дәрігерінің тарапынан жүргізілген медициналық құжаттарды, дәрігерлік-кеңестік комиссиясына (ДКК) ұсыныс даярлауға көмек көрсетіліп, мүгедектікке көрсеткіштері айқындалды.
Аталған көрсеткіштер ДКК шешімімен медициналық-әлеуметтік сараптамаға тиісті құжаттарымен бірге жолданып, сараптама нәтижесімен М.Байекешовтың апасына ІІІ топ мүгедектігі белгіленді.
Алдағы уақытта мүгедектік тобына енгізуге қатысты осындай мәселелерді болдырмау мақсатында, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп азаматтар үшін арнайы егжей-тегжейлі жадынама әзірленді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті
07 тамыз 2022 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031