» » Әлемдегі мобильді интернет бағасының рейтингі: Қазақстан нешінші орында?

Әлемдегі мобильді интернет бағасының рейтингі: Қазақстан нешінші орында?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cable.co.uk әлем елдеріндегі мобильді интернет бағасының кезекті рейтингін жариялады. 



Сол жақта – 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы ең қымбат елдер. Оң жақта - 1 ГБ интернет-трафик үшін орташа ең арзан баға. Cable.co.uk
Бір қызығы, бұл рейтингте Қырғызстан 6-орында. Көршілерімізде 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы 17 центті құрайды. Ал, Өзбекстанда орташа мобильді интернет бағасы 0,37 цент. Бұл көрсеткіш бойынша өзбектер 15-ші орында.
 Сондай-ақ Қазақстанда 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы 37 центті құрайды. Еліміз бұл тізімде 16-шы орынды иеленген.
Сейнт-Хелена (41,6 доллар), Фолкленд аралдары (38,45 доллар), Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы (29,49 доллар), Токелау (17,88 доллар) және Йемен (16,58 доллар) интернет қымбаттығы жағынан көш бастап тұр.
Түркіменстан 1 ГБ интернет-трафиктің орташа бағасы қымбаттығы бойынша әлемде 7-ші орында. Бұл елдегі трафик көлемінің орташа бағасы 2022 жылдың 16 мамырындағы жағдай бойынша 14,27 доллар деп бағаланады.
Солтүстік Корея, Ватикан, Эритрея, Маршалл аралдары, Конго сияқты бірқатар елдер рейтингке енбеген. Кейбіреулерінде тек 2G желісі (қоңырау және SMS) жұмыс істейді.
Фото: дереккөз

26 шілде 2022 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031