» » Министрлік паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді

Министрлік паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді

Еліміздің көші-қон қызметі төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған Instagram желісінде тараған видео себеп болды. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады»,- деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік өкілінің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.
«Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», – дейді ол.
Сондай-ақ, брифингте төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні айтылды.

23 мамыр 2022 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930