» » Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлер жалақысының көтерілу себебін түсіндірді

Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлер жалақысының көтерілу себебін түсіндірді

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев неліктен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жоғары болуы керек екенін айтты.

Дәурен Абаев
"Біліктілігі төмен мемлекеттік жұмысшыны кезіктірсеңіз, есіңізде болсын, оның орнында отыруы тиіс сауатты маман банкте жұмыс істеп жүр. Не болмаса басқа коммерциялық компанияда. Мемлекеттік жұмыс бәсекеге қабілетсіз жұмыс берушіге айналды. Мұндағы сарапшы деңгейіндегі мамандар "Яндекс. Такси" және басқа салада көбірек табыс таба алады", - деді Дәурен Абаев. 
Оның сөзінше, Қазақстанда аймақтардағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтерілген.
"Себебі біліктілік мәселесі бірінші орынға шықты. Бұрын қалай еді? Әкімдік сарапшы лауазымына байқау жариялайды, ал өтінішті тек бір адам ғана береді. Өйткені жалақы аз. Оны ешкім тексеріп жатпайды. Келіп, жұмыс істесе жеткілікті", - деп қосты ол.
Сонымен қатар шенділердің қызметі үлкен жауапкершілікпен байланысты екенін де айтып өтті. 
"Жүздеген миллион теңгенің құжатына қол қойып жатқан министрлік немесе әкімдік басшысын елестетіп көріңізші. Егер тексеріс органдары бұл құжаттан бір қателік тапса ше... Жалақы жауапкершілік деңгейіне сай ма?", - деп түйіндеді Дәурен Абаев.
10 желтоқсан 2021 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930