» » Қазақстан парламенті учаскелік инспектордың құзіреті туралы заң қабылдады

Қазақстан парламенті учаскелік инспектордың құзіреті туралы заң қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында "Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" Заңы мен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Фельдъегерлік қызметті ұйымдастыратын құзырлы орган – Премьер-Министрдің Кеңсесі. Фельдъегерлік қызметтің міндеті:
- Үкіметтің хат алмасу жұмысын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік органдардың аса маңызды және құпия хаттарын тасу;
- Арнайы пошталарды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге жеткізу.
"Бұл бөлімнің қызметкерлері ішкі істер органдарының кадрында тіркелген. Сондықтан олар қарумен, формамен және арнайы құралдармен қамтамасыз етілген. Бірақ ішкі істер органдарының қызметкерлері сияқты, қылмыс ашып, тергеу жүргізбейді. Сондықтан ішкі істер органдарының құрамына және штаттық бірліктеріне кірмейді. Заң жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибе зерттелді. Бірқатар елдер Фельдъегерлік байланыс туралы арнайы заң қабылдаған. Олар: Ресей, Тәжікстан, Молдова, Әзербайжан, Түрікменстан және Армения", – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Заң жобасының мақсаты – фельдъегерлік қызметтің құқықтық статусын бекіту, басқа елдермен осы фельдъегерлік байланыс тәртібін жасау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер бекіту. 
"Ал екінші заң жобасымен "Байланыс туралы" заңға өзгерту енгізіледі. Ол жерде фельдъегерлік қызметті ұйымдастыру пунктін алып тастау жоспарланған. Сонымен қатар "Ішкі істер органдары туралы" заңға өзгерту енгізіледі. Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін көтеруді тапсырды. Біріншіден, учаскелік инспектордің құзіреті кеңейеді және учаскелік инспектордың көмекшісі лауазымы енгізіледі. Екіншіден, дактилоскопиялық тіркеу уақытын 2023 жылдың қаңтарына дейін созу қарастырылған. Үшіншіден, Төтенше жағдай қызметі жаңа министрлік болып құрылуына орай, бірқатар өкілеттіктер басқа мемлекеттік органға беріледі. Азаматтық қорғау бөліністеріне тергеу жүргізу құзіреті беріледі. Ал өрт сөндіру қызметі өз алдына жаңа статуспен құқық қорғау органдарының ішіне кіреді", – деді министр.
17 маусым 2021 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031