» » Цой қазақстандық вакцинаны шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

Цой қазақстандық вакцинаны шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзде Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт іске қосылуы мүмкін екенін айтты.


“Жақын арада, тамыз-қыркүйек айларында деп отырмыз. Негізінде іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды, қазір жабдықтың валидациясы жүріп жатыр және Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша қазір барлық регламенттік рәсімдер өтуде. Біз күзге қарай бұл зауыт іске қосылып, өз қуатын кезең-кезеңімен кеңейтеді деп ойлаймыз”, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол зауыт Қазақстанды да, шет елдерді де коронавирусқа қарсы вакциналармен қамтамасыз ететінін атап өтті.
Отандық вакциналар шығаратын зауыттың құрылысы Жамбыл облысында 2020 жылдың маусым айында басталды. Зауыт 2021 жылдың I тоқсанында жұмыс істей бастайды деп болжанған. Осы жылдың мамыр айында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зауытты тестілік режимде іске қосу маусым айына белгіленгенін мәлімдеді.
16 маусым 2021 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 541

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930