» » 90% қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді

90% қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді

Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты 184 өтініш келіп түсті.
Осының негізінде Агенттік және аумақтық бөлімшелерімен 101 жоспардантыстексеру жүргізіліп, нәтижесінде 40 өтініш иелерінің келтірген фактілері дәлелін тапты.
Азаматтардың шағымдары бойынша тексеру қорытындысымен мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің 48 қызметкерлері түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер негізінде 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментіне Қордай ауданының тұрғыны Б.Кишкенебаев Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар) жаңадан салуға рұқсат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуден негізссіз бас тартуы бойынша шағымданды.
Б.Кишкенебаевтың шағымының негізінде Департамент тарапынан Бөлімде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша өтініште көрсетілген фактілер расталды.
Анықталған заң бұзушылықтар негізінде Бөлімнің басшысы Е.Мендекеев ҚР ӘҚБтК 465 бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 15 АЕК (қысқартылған негізде) көлемінде айыппұл салынды.
Нәтижесінде, Б.Кишкенебаевқа 2021 жылғы 19 наурызда қызмет көрсетудің оң нәтижесі берілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
19 мамыр 2021 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 278
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031