» » Қалауын тауып қар "жонған"

Қалауын тауып қар "жонған"

Сәскеде редакция телефонына қоңырау түсті. Хабарласқан тұрғынның даусы жарқын-жарқын естіледі. «Құдайы көршім көше бойына қардан түрлі мүсін жасапты. Кереметтерге куә болып, көңіліміз көтеріліп қалды. Сіздерден фототілші келіп, суретке түсірсе әсерлі этюд шығатын еді» деді қуанып. Елең еткізген жаңалықты естіп, қалай қарап отырамыз. Фотоаппаратты сайлап, жылы киініп, жайлап аталған мекенжайға тартып тұрдық.

Үйге кірер қос қапталда қардан тасбақа мен иттің мүсіні тұрғызылған. Үйілген қарға қарағанда әлі де біраз мүсін жасау жоспарында бар.
– Қар үстін-үстін жауып, аула тазартып жатқанмын. Үйілген төмпешік бір мүсінге сұранып тұрғандай көрінді. Күректің сабымен аз уақытта жасап шықтым. Бастысы – балалар көріп, көңілденіп қалды. Есесіне аулам қардан тазарды, – дейді жосалылық шебер Алдаберген Аязбеков.
Шебер деуіміздің жөні бар. Ол – ардагер құрылысшы. Кезінде ПМК мекемесінде еңбек етіп, талай үй тұрғызып, сол салада қолтаңба қалдырған. Бала кезінен сурет салу мен мүсін жасау сүйікті кәсібі болған ол қолы қалт етсе жаны рақат табатын жұмыстармен айналысады. Талай көздің жауын алар дүниелер жасап, ол туған-туыстың кәдесіне жараған. Зайыбы Балауса жеңгеміз балабақшада жұмыс істепті. Сабаққа қажетті бұйымдарды, кабинет көрнекілігін ағамыз өз қолынан жасап береді екен. Ағаштан да, темірден де түйін түйе алатын белсенді жанның гитарада ән айтатыны, кітап пен газет-жорналдан бас алмайтыны тағы бар. Аудандық газеттің бүгінгі бет-бейнесіне көңілі толатын тұрақты оқырманымыз болып шықты. Басылымдағы жас тілшілердің мазмұнды мақалаларын талдап, сараптап, отбасы мүшелеріне айтуды дағдыға айналдырған.
– Зейнет демалысындамыз. Қол қусырып қарап отырғымыз келмейді. Балалар қызықтасын, денсаулыққа пайдасы болсын деген оймен қардан кереметтер жасауды қолға алдым. Бірде аулаға саз түсірдік. Саздың арасынан шыққан шеңгел киік лағының сұлбасын көрсетті. Соны тастамай, қарап отырып гипстен киіктің лағын мүсіндеп шықтым. Сондай шабыттан туған дүниелер сақталып тұр, – дейді кейіпкеріміз ағынан жарылып.
Қардан жасалған бұл бейнелер расымен көздің жауын алады. Өткен жанның бәрі де қызықтап, суретке түсіп жатыр. Қардан жасалды демесеңіз, әдемі мүсіндер көшенің сәнін келтіріп-ақ тұр. Әттең, осынша еңбекпен жасалған дүниенің күн жылынса болғаны, еріп кететіні өкінішті-ақ.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
30 қаңтар 2021 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031