Түлектер мектеп көрмесімен танысты
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» Қызылорда қаласындағы филиалының 2021 жылғы алғашқы түлектері мектеп көрмесімен танысты.

Міне, сол мақсатта әскери мектептің жас сарбаздарымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, осы мектепте орналасқан қазақ елінің соғыс жылдарындағы ерлік көрсеткен батырларына арналған Әскери көрмені тамашалау ұйымдастырылды. Мекеме тәрбиешілерінің жетекшілігімен курсанттарға соғыс тарихы, аталарымыздың жасаған ерліктері мен өмірбаяндары айтылып, майдандағы қолданған қару-жарақ түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, қазақ жауынгерлері мен батырларының қаламынан туған шығармалары, нақылға айналған ұтқыр сөздері және батырлық жайлы айтқан пікірлері де баяндалды.
Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебінің директоры Рахметулла Мұхамбетов барлық кезеңдегі курсанттармен ұйымдастырылатын Әскери көрмені аралау жас жауынгерлердің жауынгерлік сабақтарды өту алдындағы рухани күш пен серпін алуында және әскери тәртіпке бейімделуінде өзіндік орны бар екенін атап өтті.
Бейбіт еліміздің жас жауынгерлеріне патриоттық тәрбие беру аса маңызды. Танымдық орындардың, яғни, көрмелердің курсанттарға әскери тәрбие берудегі, ата-бабалардың ерлігін есте сақтаудағы рөлі зор. Сондықтан әскери- техникалық мектеп түлектері оқу алдында көрмені аралайды.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров