» » Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды


Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен шаһар аумағында коронавирус инфекцияна қатысты шектеу шаралары 1 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Бұған дейін Байқоңырда карантин 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін енгізілген болатын. Эпидахуалдың өршуіне сырттан әкелінген жаңа жағдайлар себеп болған.
Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігінің «Байқоңыр» кешені өңірлік басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 15 қаңтар аралығында 38 байқоңырлық тұрғын коронавирус жұқтырған. Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 1124-тен 1162 адамға дейін артты. Инфекциялық стационарда 7 адам емделіп жатыр, соңғы үш аптада өлім жағдайлары болған жоқ. Пандемия басталғаннан бері Байқоңырдың 70 тұрғыны коронавирус ауруынан қайтыс болды.
Байқоңырда қолданыстағы шектеу шаралары сақталуда. Жедел штаб тұрғындарды жабық үй-жайларға барғанда маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны қатаң сақтауға шақырады.

16 қаңтар 2021 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 797
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 084

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930