» » Қала күні онлайн форматта өтеді

Қала күні онлайн форматта өтеді


Қызылордада қала күні 21-26 қыркүйек аралығында аталып өтіледі. Бұл туралы шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов баяндады, деп жазады syrboyi.kz
«Қала күні» аясында ұйымдастырылатын мерекелік шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып, қабылданған шектеулерге байланысты үйлестірілетін болады. Халықтың жаппай жиналуына жол бермеу үшін 60 жуық мерекелік іс-шара онлайн форматта Ютуб каналы мен Фейсбук, Инстаграм тағы басқа да әлеуметтік желілері арқылы көрсетіледі. Негізгі мерекелік шаралар 25 қыркүйекте жаңадан және  қайта жаңғыртудан өткен әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру салтанатымен ұштасады.
Атап айтқанда, түске дейін облыс және қала әкімдерінің қатысуымен «Денсаулық» саябағы ашылып, қайта жаңғыртудан өткен «Сыр ана» алаңы таныстырылады. Жаппасбай батыр көшесі бойындағы жаңа №282 мектеп-лицейі осы күні пайдалануға беріледі, облыстық медицина орталығы алдында «Дәрігерлер» аллеясы, жаңадан салынған балалар ойын алаңы, мемлекет және қоғам қайраткері Ыдырыс Қалиевтің  ескерткіш бюсті ашылады. Осы күні сол жағалаудан салынған көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілтін табыстау рәсімдері жүзеге асырылады.
26 қыркүйек күні мерекеге тарту ретінде Қызылорда қаласы және барлық аудандардың қатысуымен биылғы жылдың алғашқы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі арнайы белгіленген орындарда өтеді. 
Мәжіліс соңында қала әкімі сала басшыларына жүктелген тапсырмаларды тиянақты орындап, жүйелі әрі қарқынды жұмыс істеуді және қала күнін тойлауда сақтық шараларының қатаң сақталуын тапсырып, барлығы тікелей өз бақылауында болатындығын жеткізді.
20 қыркүйек 2020 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930