» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 20 команда, 220 тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды ұлықтады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізілді.    Нәлқожа Ақбалаұлы – Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуында із қалдырған белгілі қоғам қайраткері. Елге адал қызмет жасаған азамат екі мәрте Ленин орденімен, сондай-ақ, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Бүгінде Сырдария ауданы мен ауылдардағы мектептер, мәдениет үйлерінің бірқатары бір кездері осы ауданды басқарған Нәлқожа Ақбалаұлының бастамасымен салынды. Былтырдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, маңызы арта түсуде.
    Ойынның мақсаты – Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты  облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.
    Турнирде «Ең жас ойыншы» номинациясына 6 жасар Янжу Өмірбай (Арал ауданы) ие болса, «Ең жасы үлкен ойыншы» номинациясымен 70 жастағы оңтүстікқазақстандық Тілеу Құдияров марапатталды. Жарысқа белсенді қатысқаны үшін бірқатар елдердің өкілдеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. Бұған қоса, өткен жылдың қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» номинациясымен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған жерлесіміз Ақерке Кенжебекова марапатталды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды
08 наурыз 2018 ж. 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930