» » Сырдария ауданындағы "Алтын сағат" қазақша әуен ойнайды

Сырдария ауданындағы "Алтын сағат" қазақша әуен ойнайды

Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі Орталық алаңға түлектер тартуы ретінде ескерткіш-стелла қойылған болатын. Бұл аудан орталығының ажарын айшықтап, ерекше сән беріп тұр.
Ескерткіш-стеллаға жалпыхалықтық атау қою мен әуен таңдау әлеуметтік желіде талқыланып, қоғам пікірі ескерілді. Көпшілік бұған «Алтын сағат», «Алтын уақыт», «Сыр сағаты» секілді атауларды ұсынды. Оның ішінде, әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі «Алтын сағат» деген символикалық атауды таңдауды ұсынды. Нәтижесінде, жайқалған күріш бейнесіндегі алып ескерткіш-стелла «Алтын сағат» атанды.
Жалпыхалықтық атаудан кейін әр сағат сайын уақыт белгісін білдіретін әуен таңдау қажеттілігі туындады. Бұған арнайы комиссия құрылып, бірнеше әуен тыңдалды. Соның ішінде Сырдария ауданында дүниеге келген «Сыр сұлуы» әні бірауыздан таңдалды.
Таңдалған әуеннің үзіндісі «Алтын сағатқа» орнатылып, алғашқы рет 31 шілде күні сағат 12-00-де шырқалды. Енді әр сағат сайын «Сыр сұлуы» әуенінің үзіндісі аудан жұртшылығына және қонақтарына естіліп тұрады. Ұлық мерекеде әуеннің орнатылуы аудан халқына ерекше сый екені сөзсіз.

Kyzylorda-news.kz
01 тамыз 2020 ж. 1 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 935
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 574

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930