» » Облыста дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталды

Облыста дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауапқа тарту туралы тапсырмасына орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізуде.
Облыс көлемінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізу барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен дәріханаларда таусылған дәрілік заттардың үстеме бағамен қосып заңсыз сатудың 6 дерегі анықталды.
5 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тұрғыны 33 жастағы азаматша дәріханаларда таусылып тұрған дәрілерді сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды.
Атап айтқанда, ұсталған азаматшадан тексеру барысында айғақ зат ретінде «Цифран ОД» 1000 мг., Тромбо АСС 50 мг., Цифран 500 мг. дәрілер алынды.
Сонымен қатар, 6 шілде күні Қызылорда облысының тұрғыны интернет желісі арқылы «Цефепим» ампуладағы ақ түсті ұнтақ дәрісін сататыны жөнінде хабарлама жариялаған.
Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 11 дана «Цефепим» (ампулада) дәрі алынды.
7 шілдеде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тағы бір тұрғыны 38 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Азаматша әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, дәрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сатқан.
Атап айтқанда, ұсталған азаматша «Кетатоп» дәрілік препаратын өзінің тұрғылықты мекен-жайдағы үйінен жоғары бағамен сатқан. Айғақ зат ретінде 55 дана «Кетотоп» (ампула) дәрілік препараттар алынды.
Полиция қызметкерлерімен мониторинг жүргізу барысында бүгін заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тұрғыны 42 жастағы азаматша анықталып, ұсталды.
Бұл азаматша дәрілік препараттарды өзінің тұрғылықты мекен-жайдағы үйінен 5 дана «Цефтриаксон» (ампула), 1 дана «Натрий хлорид» (ампула), 2 дана «Ацетилсалициловая кислота», 1 дана «Парацетамол» дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатқан.
Сонымен қатар, 9 шілде күні Қызылорда облысының тұрғыны интернет желісі арқылы дәрі сататыны жөнінде хабарлама жариялаған.
Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 10 дана «Ригидрон», 12 дана «Ципрокс», 3 дана «Флемокслаф» дәрілік препарттары алынды.
Дәл сол күні заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласының тағы бір тұрғыны 26 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Азаматша 1 дана «Клабел 500 мг», 3 дана «Оспамокс 1000 гр» дәрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сатқаны анықталды.
Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.
Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.
Қызылорда облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарынан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне немесе “102” телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.

#ҚРІІМ #МВДРК #СырСақшылары #ДепартаментПолиции #СырЕлі #ДПКызылорда
10 шілде 2020 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930