» » Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

Бұл туралы желіде Рахман Омар мәлімдеді, - деп хабарлайды stan.kz
"Алтын ағам-ай... Ажал қасымызда екенін тағы дәлелдеді... Жақсы адамдар кетіп жатыр. Неге??? "Сен сұлу" бағдарламасында бірге жұмыс істеп едік. Маңайына, істеген ісіне адал еді. Жаның пейіште шалқысын, алтын ағам...", - деп жазды Рахман Омар.
"Алтын ағам-ай. Бұл фәни жалғанда, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін.... Енді, бұдан былай сіздің күлкіңізді естімейтініме.... Сізді, Италиядан не әкеледі екен деп, күтпейтініме.....Сізге еркелемейтініме.....Сізбен енді сырласпайтыныма..... Сенейін бе? Иманды болыңыз. Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем.... Мен егер, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
"Мына аға да қайтты ма? Иманы саламат болсын! Әттеген ай, мына індет бәрін ала ма, Алла сақтай гөр", - деп жазды Асхат Тарғын.
Желідегі көпшілік қазаға қайырлы болсын десіп, көңіл білдіріп жатыр.
"Бұл кісі тігінші кісі ғой. Иманды болсын", "Иманды болсын. Жаны жаннəтта болсын", "Рас па? Қайтыс болды ма? Ажал қасымызда жүр", "Алла тыныштығын берсін", "Адамдар, сақтанайықшы", "Ұйқымыз шайдай ашылды. Құдай айй, небір азаматтарымыздан айырылып жатырмыз! Тоқтау қашан болады? Қарапайым халық не жазды екен? Жаратқан ием, бір өзің жәрдемдес! Берік ағаның иманы саламат болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.
Белгілі стилист, дизайнер Берік Исмаилов карантин уақытында авторлық маскаларын тігіп, тегін таратқан еді. Маскаларын көп балалы аналарға, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға үлестірді.
"Егер осы коронавирустан аман шықсақ, басқа нәрседен пайда табамыз", - деген бір сұхбатында.
Желіде соңғы рет екі апта бұрын жазба қалдырып, медицина қызметкерлерін құттықтаған екен.
07 шілде 2020 ж. 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031