» » IMD БАҒАСЫ: Екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін айтты

IMD БАҒАСЫ: Екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін айтты


Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады.
Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартты.
Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты.
Бұл еліміздің осы рейтингке қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі (2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.; 2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.).
Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литвадан (32), Қытайдан (33), Испаниядан (39), Чехиядан (44), Ресейден (51) және т.б. жоғары орналасқан.
Жоғарыда аталған жетістіктер басқа 8 халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтерімен қоса Транспаренси Интернешнлдің сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің баллын есептеу барысында ескерілетініне назар аударамыз.
Жалпы, бизнес жүргізудегі жемқорлықтың біртіндеп төмендеуін Бүкіләлемдік банктің «Enterprise Survey», Қазақстандағы Транспаренси Интернешнлдің «Сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторингін» және PRS «Елдік тәуекелдерді бағалауын» қоса алғанда басқа агенттіктер жүргізген зерттеулердің нәтижелері де айғақтайды.
Осы тұрғыдан алғанда Covid-19 пандемиясының әсерінен әлемде орын алған қиын жағдайға қарамастан, инвестициялық белсенділіктің жанданып жатқанын атап өткен жөн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Атамекен» ҰКП өз тараптарынан отандық және шетелдік инвесторлардың жалпы сомасы 12 трлн теңгеден астам 475 жобасын сүйемелдей отырып, кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік төрешіктіктен қорғауды жалғастыруда.
Жыл басынан бері Антикор қылмыстық-құқықтық шаралар аясында лауазымды тұлғалардың бизнес жүргізуге заңсыз араласуының 80-нен астам фактісін анықтап, 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді.
29 маусым 2020 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031