» » Еріктілер онлайн қызмет алуға көмектесуде

Еріктілер онлайн қызмет алуға көмектесуде


Мемлекет басшысы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Ел Президентінің бұл бастамасы түрлі салаларда қолдау табуда.

Қызылорда облысындамемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдыларына 20-дан астам ерікті оқытылып, бүгінгі таңда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында келушілерге көмек көрсетілуде.

Аталмыш бастама«Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба ұйымдастырушылары -ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіжәне БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы.

Маусым айынан бастап,еріктілер, тұрғындарғаэлектронды үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуға онлайн тапсырыстар беру, Телеграмм желісінде қызметтер алу, кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретуде.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіеріктілерге арнайы кепкалар, бейдждар және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында бетперделер таратылды.

Еріктілік практиканың ұзақтығы 6 айды құрайды. Тәжірибе сәтті аяқталғандарға ұйымдастырушылардан сертификат берілетін болады.

Айта кету керек, аймақтағы қызмет беруші мекемелер тарапынан 2020 жылдың 1-тоқсанында 881103 қызмет көрсетілген.Оның 86 пайызы электронды түрде көрсетілген. Электронды түрде қызметтер алу үлесі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға артқан.


ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі
10 маусым 2020 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930