» » "Шалқып өмір сүріп жатырмын": Ринат Зайытов қалай ақша тауып жүргенін айтты

"Шалқып өмір сүріп жатырмын": Ринат Зайытов қалай ақша тауып жүргенін айтты

Отандық танымал ақын Ринат Зайытов бүгінде отбасын қалай асырап жүргені жайлы бар шындықты айтты. Айтыскер көптен бері үлкен сахнадан көрінбей кеткенімен, табыс көзін жоғалта қоймаған. Белгілі болғандай, ол асабалық пен композиторлығының арқасында ақша тауып жүр. Өнер иесі бір әнге сөз жазу үшін 500-600 мың теңге көлемінде қаржы алатын болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Бір әннің мәтінін жазып беру үшін жарты миллион төңірегіндегі табысқа кенелетін ақын бүгінгі күні шалқып өмір сүріп жүргенін жеткізді. Оған қоса, Зайытов өз жағдайын қарапайым халықпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін жасырмай айтты.

"Әнге сөз жазамын. Бұрын авторлық қоғамнан да ақша түсіп тұратын. Ол жағы да қазір кішкене бар. Сосын той. Тойға барып, сол жақтан ақша табасың. Мен өз жағдайымды қатардағы қарапайым қазақтардан әлдеқайда жоғары деп есептеймін. Сосын ішімнен ең сорлы қазақ менің жағдайымдай өмір сүрсе екен деп армандаймын. Өйткені, ол үшін біздің мемлекеттің мүмкіншілігі бар деп ойлаймын.


Маған он бөлмелі үй қажет емес, жыл сайын автокөлік ауыстыру қажет емес, екі-үш мың доллардың костюм шалбарын кию қажет емес. Шалқып өмір сүру деген әр адамның өз қабылдауына байланысты. Мен қазір құдайға шүкір бір үйге қонаққа бара аламын, сыртқа шыға аламын. Киетін киімім бар, ішерге тамағым бар. Менің түсінігімде мен шалқып өмір сүріп жатырмын.


Бір әнге сөз жазу тегіннен басталады. Ал біреу әкесіне ән жазғысы келіп жатады. Оларға әнімен, сөзімен, аранжировкасымен қосқанда ары кетсе 500-600 мың теңгенің айналасында болады" , - деді Ринат Зайытов.

30 сәуір 2020 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031