» » COVID-19: Аралда барлық науқас айықты, облыста жазылғандар саны 114-ке жетті

COVID-19: Аралда барлық науқас айықты, облыста жазылғандар саны 114-ке жетті


Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 114 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Арал және Шиелі ауданының тұрғындары, деп хабарлайды
Kyzylorda-news.kz.
29 сәуір 16:35-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Аралда – 2, Шиеліде – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.
Ерекше атап өтерлігі – Арал ауданында осы індетке шалдыққан 4 науқастың барлығы жазылды.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 114 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.
29 сәуір 2020 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 018
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 245

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031