» » Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді

Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді

Кез келген ұлттың мұраты өркениет көшінің алдыңғы сапына ұмтылумен өлшенеді. Бұл жолда тарихтан тағылым алып, бүгінін зерделеп, болашағын бағдарлай білген ел ғана діттеген межесіне жетеді. Бүгінгідей сан алуан мәдениет пен технология тоғысқан жаһандану заманында біздің алдымызда ұлттық сананың өрісін кеңейтіп, рухани кемелдене түсу міндеті тұр. «Елу жылда ел жаңа» деген аталы сөздің парқын осындайда түсінеміз. Құндылықтарымызды сақтай отырып, санамызды сілкіндіру, жадымызды жаңғырту – әлемдік өркениет кеңістігінде жұтылып кетпеудің кепілі. Осы тұрғыда бұдан үш жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққаны белгілі. Рухани санаға соны серпін әкелген бағдарламалық мақала аясында елеулі істер атқарылып, нақты жобалар жүзеге асты.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің бағдарламалық еңбегінде еліміздің жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және елдік сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарын ортаға сала отырып, ордалы ойлар айтты. Тұңғыш Президентіміз ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтқан тұсында бәсекелік қабілетке, прагматизмге, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білімнің салтанат құруына, революциялық емес, эволюциялық дамуға, сананың ашық¬тығына баса көңіл бөлуі жұрттың жүрегіне жетті. Таяу жылдардағы міндеттерді саралап көрсеткен кезде жазуымызды біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұ¬мыс¬тарын бастауымыз керектігін, қо¬ғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 100 оқулық жобасын қолға алу қажеттігін, отаншылдықтың кіндік қаның тамған жерге деген сүйіспеншіліктен бас¬талатынына байланысты «Туған жер» бағдарламасын бастау орындылығын, бүгінгі замандастарымыздың жетіс¬тіктерінің тарихына назар аудару мақсатымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру жөн болатынын айтқаны бұл саладағы нақты істерге қозғау салды.
Рух – ұлы ұғым. Рух – ой мен сананың шоқтығы. «Сөз – адамның ішкі рух құралы» деген ғой данышпан Абай. Рухқа қатысты сөздің бәрі де (ел рухы, ұлттық рух, халықтық рух, отаншылдық рух, рух тазалығы, рухын көтерді, рухын шақырды деген сияқты) адамды биіктікке шақырып тұрады. Сол ұлы ұғымнан табиғи түрде таралатын, адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты айтылатын руханилық – мемлекеттіліктің басты ұстындарының бірі. Рухани әлемі таза ел – рухы таза ел, рухани тұрғыдан күшті ел – рухы күшті ел.
Осы сәтте ойыма Әбіш Кекілбаевтың «Біз үшін үлкен құдірет – Тәуелсіздік. Бұған мерейленбегенде, неге мерейленеміз?! Сұрай берсең – мұқтаж, жылай берсең уа-йым таусыла ма?! Бардың бағасын білейік» деген толғамы оралып отыр. Расында, тәу етер тәуелсіздігіміздің арқасында елдік рухымыз азат болып, еңсемізді тіктеп, тарихымызды түгендеп, бабадан мирас болған қасиеттерді түлетуге мүмкіндік алдық. Жаһандық өзгерістер мен әлемнің сан құбыла түрленуі тәуелсіздіктен қадірлі құндылық жоқ екенін айқындай түскендей...
Ғасырлар тезінде жоғалтқанымыздың көп екенін ескерсек, рухани дамып, қоғамдық сананы жаңғыртып, ұлттың идеологиясын өрістетуде 3 жыл көп уақыт емес. Сайып келгенде, халықтың рухани жаңғыруы – мәңгілік жүретін процесс. Бүгінгі күні Бағдарламаның 6 бағыты бойынша 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Ұлттық құндылықтарды жүйелеп, салт-дәстүрімізді, руханиятымызды ұлықтау мақсатында атқарылған шаруа ұшан-теңіз.
Тұнығымыз да, тұмарымыз да – ауыл. «Туған жерге туыңды тік» деген да¬налықты айтып қана қоймай, шаруа¬сын шалқытып, беделін биіктету әр азаматтың ұлы борышына айналуы керек. Осы тұрғыда, бағдарлама аясында 3 жылда отандық кәсіпкерліктің көші ілгерілеп, әлеуметтік жауапкершілік мәдениетінің деңгейі артты. Туған өңірді дамытып өркендету жобасы бойынша республика көлемінде 12 мың меценат тарапынан 270 млрд теңгеге 5 мыңға жуық нысан салынып, қайта жаңартылды. Мысалы, демеушілік қаражат есебінен тек 2019 жылы 13 мектеп, 25 балабақша, 83 мәдениет нысаны, 191 спорт ғимараты, 17 медициналық мекеме, т.б. салынған. Алдағы уақытта да бұл игі іс жалғасын таба бермек. Туған жердің қасиетін әр адам санасына таңбалап, рухын ұрпағына сіңіруі қажет.
Әрбір адамның жүрегінде өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша сананың жаң¬ғыр¬майтыны хақ. Өскелең ұрпақты өз өлкесінің тарихын танып, өңірінің тынысын ашуға тәрбиелеудің маңызы зор. Бағ¬дарлама аясында ішкі туризм мен өңірлердегі киелі жерлерге сұраныс артып келеді.
Арнайы зерттеулер нәтижесінде, бүгінгі күні халықтың 41%-ы өз өңіріндегі киелі жерлер мен қасиетті мекендеріне қызығушылық танытса, 54%-ы ерекше аймақтарды жақын арада барып көруге ынталы екенін жеткізген. Бұдан басқа, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өңірлермен бірлесе отырып сакралды нысандарды 2ГИС карта-қосымшасына енгізу мәселесін пысықтауда. Қазіргі уақытта картаға республика бойынша 130 нысан енгізілді.
Қазақтың пейіліндей кең-байтақ даласына әлем жұртшылығының назары ауғаны қашан. Жаһан туристерін еліміздің тұмса табиғаты ғана емес, терең тарихы қызықтырып келеді. Қазақстанның киелі жерлерін әлемге таныту мақсатында BBC World News телеарнасының қатысуымен «Қа¬зақстанның киелі жерлерінің география¬сы», «Алтын адам», «Қожа Ахмет Ясауи, Айша бибі мавзолейлері» фильмдері, «Кү묬тегін. Жаңа көзқарас» деректі тарихи филь¬¬мі, америкалық «Castlefilm» компания¬сы¬мен бірге «Земля номадов» фильмі әзірленді.
Аталған фильмдерге БҰҰ-ның алты тілінде дубляж жасалып, сапалы субтитр қоса берілді. Осылайша 700 млн-нан астам аудиториясы бар «Discovery», «Viasat history», «National Geographic» телеарналары Ұлы дала ұлағаттарын әлем халқына танытуда. Тарихымызды түлетіп, ұлттық рухымызды ұлықтаған жобаның ауқымы да, құндылығы да жоғары.
Үш жыл бұрын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарық көрген сәтте ұлт руханияты төңірегіндегі тұлғалардың қуанышы есімде. Қараусыз баладай қалған әдебиетіміздің бойына қан жүгіріп, зиялы қауымның күпті көңілі бір серпілген еді. Содан бері ұлттық әдебиет өрісін кеңейтуге арналған шаралар тоқтаған емес. Атап айтқанда, 2018-2019 жылдары алғаш рет қазақстандық авторлардың таңдаулы әдеби шығармаларын (поэзия және проза бойынша) БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жобасы іске асырылды. Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы мен қазіргі қазақ прозасының антологиясы БҰҰ-ның 5 тілінде шығарылды.
Осы орайда кенжелеп қалған балалар әдебиетін дамыту да қолға алынғанын айта кету керек. Қиын да қызықты жанрда қалам тербейтін қаламгерлерімізді қолдау – кемел келешектің кепілі. Өйткені ұрпақтың рухани қажетін өтеу кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан қазақ балалар әдебиетінің алтын қорын құрып, осы тақырыпта жазатын ақын-жазушыларымызға гранттар бөлуді қарастырдық. Ізденіске ынтызар, білімге құштар ұрпақ – халқымыздың жарқын болашағы. Руханият пен мәдениетке, білім мен ғылымға көңіл бөлу – ұлттың алға ілгерілететін негізгі күш. Рухани қазынамыздың кемел болғаны халық үшін де, қоғам үшін де маңызды. Осы орайда еліміз мәдени дамуда да алдыңғы шепке шығып, нәтижелі жетістіктерге жетті. Соның ішінде «Құрманғазы» атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығы аясында Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына гастрольдік сапарлары айтарлықтай табысты өткізілді. Оркестр Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова ескерткішінің ашылуына қатысты. Батырдың рухына тағзым етілді.
Жаһанға қазақстандық мәдениетті дамыту аясында «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі басталып, үш жылда әлемнің 26 еліне сапарлады.
Алғаш рет еліміздің мұражай қызмет¬кер¬лері мен өлкетанушыларын шоғырландыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның қасиетті орындарын жүйелеуде әдіснамалық көмекті қамтамасыз ететін «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» құрылды.
Қазақстанның сакралды география¬сы жобасы аясында 2017 жылдан бері жал¬пы-ұлттық маңызы бар қасиетті орындардың тізіміне 256 нысан еніп, 23 тарихи-мәдени ескерткішке ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу аяқталды. Жергілікті маңызы бар жерлер тізіміне 575 нысан енгізілді. Бұл ішкі туризмнің дамуына оң серпін беріп, халықтың сұранысын арттырып отыр. Халқымыздың «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген тәмсілі де осының айғағы болар.
Қазақ – жоқ іздеген халық. Рухани және материалдық мұраларымызды өзге жұрт тасып әкеткен, жоғалтқан замандар болды. Осы күнге дейін халқымыз соны түгендеу, іздеумен келеді. Бұл ретте «Архив-2025» арнайы жобасы бойынша Қазақстандық архивтердің халықаралық архив кеңістігіне бірқалыпты интеграциялануы аясында жақын және алыс шетелдің 17 елімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сол арқылы шетелдік мұ¬ра¬ғаттарда іргелі зерттеу жұмыстарын жүр¬гізуге мүмкіндік алдық.
Тарихты тұлғалар жасайтыны белгілі. Сол себепті әрбір халық өздерінің ұлы бабаларын айрықша мақтан тұтады. Бұл ретте «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының аясында, мысалы Ақмола облысында «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында қазақтың марқасқа тұлғалары, халық музыкасының саңлақтары Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайдың, сондай-ақ ұлт көсемі Кенесары Қасымұлының бейнелерін сомдайтын ескерткіш орнату бойынша «Көкше жерінің – Ұлы тұлғалары» жобасы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Степногор қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткішін жасау жұмыстары жүргізілуде. Ал «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы бойынша Алматы облысында «Орбұлақ шайқасының тарихи клубы» құрылды. Клуб шеңберінде тарихшылар мен археологтердің іргелі зерттеулері жүргізіледі.
Әлемдік өркениетке аяқ басуда Елбасының ұсынымымен жасалған ерекше қадам – қазақ әліпбиінің латын қарпіне өтуі. Бұл тарихи санамызда жаңа құбылыс, жаңа дәуірдің басталғанын көрсетіп отыр. Халқымыздың өзіндік үні, төл дыбысы, ғасырлар бойы қалыптасқан әуенін бо¬йына сіңірген жаңа әліпби жасампаз елдің жаңа мүмкіндіктерін ашары анық. Бұл шара мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуына себепкер болатынына күмән жоқ.
«Тарихтың кино өнері мен теле¬ви¬зиядағы көрінісі» арнайы жобасы бойынша отаншылдықты, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында алғашқы жобалар легінде «Балуан Шолақ», «Шыңырау», «Шырақшы» атты толық метражды көркем фильмдері түсірілді.
Бұдан бөлек 2019 жылдың 27 қыр¬күйегінде «Томирис» тарихи фильмі көрер¬менге жол тартқаны белгілі. Тарих атасы атанған Геродоттың қаламына іліккен Томиристің елін қорғаған ұлы ерлігі еңселі ескерткіш күйінде туған жер төсінде тұлғаланатын күн де келеді деп ойлаймын. Қазір «Қасым хан тарих толқынында» көп сериялы көркем фильмнің өндірісі жүріп жатыр. Ағымдағы жылы «Наш милый доктор-2», «Ақтастағы Ахико», «Тарих толқынында: Қасым хан», «Долгое эхо», «Мұқағали Мақатаев» атты толықметражды кино туындылары түсіріледі. Мұның бәрі тарихи санамызды жаңғырту бағытында атқырылып жатқан игілікті дүниелер.
Руханияты жоғары, мәдениеті озық ел атануға еліміздің әрбір азаматы үлес қосуы тиіс. Ұлттың идеологиясын қалып¬тас¬тыру жекелеген азаматтардың санасын жаңғыртудан бастау алады. Және ұлт¬тық бірегейлікті сақтау ұлттық сананың кемел¬денуін қажет етеді.
Болашақтың даму тенденциялары мен жаңа бағыттарына лезде бейімделу – бүгінгі заманның басты талабы. Сондықтан адам капиталына мемлекет үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев атап өткендей «адам капиталы бәсекелестікке жол ашатын негізгі артықшылық екенін ұмытпауымыз қажет». Елімізге уақыттан оза жұмыс істейтін, білік¬ті, өзгерістерден қорықпайтын маман¬¬дар керек. Азаматтардың бойына жасам¬паздық, бастамашылдық, кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдыларды қалып¬тас¬тыру – жаңғырудың негізгі өзегі болып саналады.
Мемлекеттің болашағын айқындайтын барометр – өскелең ұрпақ, жалынды жас-тарымыз. Төрткүл дүниені дүрліктірген пандемия мен жаһандық дағдарыс адамзат санасында сілкініс тудырғаны анық. Рухани құндылықтардың қадірі артып, әлемді құтқарудың жолы ғылымға келіп тірелді деген болжамдар айтылуда. Бұл заңды құбылыс. Заман талабына сай жастарды ғылымға баулу – өзін сөзсіз ақтайтын бағдар. Сондықтан 2020 жылы ғалымдарды қолдауға көбірек көңіл бөлініп отыр. Ғылыми-зерттеу қызметін қаржыландырудың көлемі артты. 2020-2022 жылдары «Мәңгілік ел» бағыты бойынша жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне арналған гранттық қаржыландыру 1 млрд теңгеден асты. Ғылымның мәртебесін көтеріп, жастарды ғылыми қызметке тарту осындай сын сағаттарда бәсекеге қабілеттігімізді арттырары даусыз. Алдағы уақытта жоғарғы мемлекеттік деңгейде ғылыми-технологиялық даму стратегиясын дайындап, ғылыми зерттеулерге басымдық беруіміз керек.
Дәстүрі берік, тағылымды тарихы таң¬баланған халық жат құндылықтардың жетегінде кетпейді. Бұл тұрғыда ақпарат¬тандыру жұмыстарына да жете мән бері-ліп отыр. Қоғамдағы өзекті ойлар, дәстүр мен ғұрпымыздың бүгінгі көрінісі, ұрпақ тәрбиесіне қатысты келелі әңгімелер, та¬нымдық мақалалар мен сүбелі сұхбаттарды біріктерген Ruh.kz порталы ашылып, сәтті жобаларды жүзеге асырып жатыр. Портал құрамындағы мәдени шараларды біріктіретін «Этноген» сайты халықты жақ¬сы жаңалықтарымен сусындатып отыр. Әрине өткен кезеңде атқарылған іс-шара¬ларға байланысты қоғамда айтылған сын-ескертпелер де, ұсыныс-пікірлер де болды. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес арнайы сараптама жасалды.
Сондықтан үш жылды қорытындылай келе, бағдарламаны жүзеге асырудың жаңаша даму стратегиясы әзірленіп, негізгі 3 бағыты анықталды. Бүгінгі күні қоғамдық сананы жаңғырту, тұлғалық даму, ұлттық бірегейлік пен халықаралық мәртебені арттыру және мемлекетті, азаматтық қоғамды, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтарды дамыту бағытында жұмыс істейді.
Атқарылатын іс-шаралардың сапасын көтеру мақсатында сараптамалық және алдын ала болжамдар жасау жұмыстарына баса назар аударып отырмыз. Осы бағытта биыл бірінші рет форсайттық-зерттеулер жүргізіледі. Бағдарламаны іске асыру тәсілдері де өзгереді. Халықтың дамуына кедергі келтіретін кертартпа тұстардан бас тартып, жаңғыруды жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру қолға алынуда. Жұмыстың басым бөлігі әлеуметтік желі, электронды БАҚ және онлайн-платформалар негі¬зінде жүргізілмек. Үнемді әдеттер қବлыשּׁ¬тастырып, қаржы, құқықтық және м嬬диବсауаттылық деңгейін арттыру мақса¬тын¬да тәжірибелік кеңестер бе¬ретін аудипод¬касттер мен бейнеконтент құрасты¬рылды.
Ұлттық сана – адамды мемлекетімен, қоғамымен біріктіріп отыратын рухани феномен. Сондықтан ұлттық идеологияның болашағын қоғам талқысына салу ең дұрыс шешімдердің бірі. Жаңғырудың қадамдарын халық саналы түрде өзі таңдауы тиіс. Осы мақсатта «Азаматтық алаң» пікірталас клубы жұмысын бастады. Рухани өркендеуіміздің, мұрамызды ұлықтап, құндылықтарымызды жаңғыртуға қатысты барлық тақырыптар ұлт зиялылары мен ғалымдар, жастар мен әлеуметтік топ өкілдерінің талқысына түседі. Аға буын мен жастардың өзара үндестігі, сабақтастығы жалғасады.
Жер жаһанды жаулаған пандемия адамзатқа қауіп төндіріп қана қоймай, құн-дылықтарды да өзгертті. Індеттің елді де, мемлекетті де таңдамайтынын көрдік. Қазір жаһанда COVID-19 жетпеген ел қалмады. Әлем экономикалық қиындықтарға тап болып, қоғам алмағайып кезеңді бастан кешіп жатыр. Зиялы қауым өкілдері бұл індет пен дағдарыс болашақта ғаламдық өркениетті өзгерістерге түрткі болады деп есептеуде.
БҰҰ-ның сарапшылары бұл ин¬фек¬цияның жаһандық ішкі жалпы өнім көлемін 1-1,5% азаюына алып келеді деп болжап отыр. Әлемнің көптеген елінің экономикасы рецессияға тап болды. Пандемияның адамзат өркениетіне тигізетін залалын дөп басып айту қиын. Бірақ барлық мем¬ле¬кеттердің алдағы қиындықтарға қазірден белін бекем буып отырғанын ескеруіміз керек. Пандемия ең алдымен цифрландыру, медицинадағы даму, қоғамдық тәртіптің және мемлекеттік басқару жүйесінің ма¬ңыз¬дылығын көрсетті.
Аты жаман індеттен түйгеніміз де үйренеріміз де көп болар. Цифрлы әлеуе¬тімізді бағамдап, орын алған олқылықтарды саралау қажет. Карантин цифрландыру саласындағы емтиханға айналды. Мек¬тептердегі қашықтан оқыту кезіндегі алдан шыққан қиындықтар цифрландыру жұмысында едәуір олқылықтарды ашып беріп отыр. Ендігі жерде біздің алдымызда елдің жоғары технологиялық даму деңгейін көтеріп, мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстары күтіп тұр.
Пандемия қарапайым қоғамдық ере¬же¬лерді сақтаудың өмірлік құндылығын да түсіндіруде. «Тәртіпке бағынған құл болмайтынын» білгенімізбен, саналы жүгіне бермейміз. Ал дәл қазір әлемді ажал ауызынан арашалайтын осы темірдей тәртіп екені айқын.
Өмір халқымыздың танымымен қара¬ғанда «бәйге» іспетті. Бәсекеге қабілеттілік де¬геніміз де аламанда оза шабу. Қазір әлемнің басына бұлт үйіріліп, дүние дүр-ліккен шақ. Кім етек-жеңін алдымен жинап, өз әлеуетін рационалды баға¬лап, прагматикалық жоспар құрса, сол дағ¬да¬рыстан кейін басқалардан бір адым алда дамиды. Мұндайда қазақтың марқасқасы Әбіш Кекілбаев аға былай деуші еді: «Жалпы тіршілікке ортақ тағдырдан қал¬та¬рыс қалатын халық жоқ. Өзгерістерге уақ¬тылы бейімделе білу арқылы өмір өркендеп келеді. Басқаша жол табам дейтіндер тығырыққа тіреліп жатыр. «Жұрттың қолынан келген біздің қолымыздан кел¬мейді» дегендер жұртта қалып жатыр. «Жұрт¬тың қолынан келген біздің де қолы¬мыздан келеді» дегендер жұртпен бірге күндерін көріп жатыр.
Біз де сөйтеміз. Адам үшін жасалып қойылған мәңгілік қалып жоқ. Өзгереміз, жетілеміз, кемелденеміз. Өйткені қазіргідей жаппай жаһандану тұсында өзгелермен бәсекеге үздіксіз төтеп беріп, өзімізді өзі¬міз үздіксіз шыңдай біліп қана халық болып қаламыз. Егіле білгеннен басқаға қауқар¬сыздарды есіркейтін ешкім жоқ.
Рухани құндылықтар жолында күресе жүріп, мақұлық емес адам, тобыр емес халық болуға тырысамыз».
Біз айналасы 30 жылда қалыптасып, айтарлықтай әлеуетті мемлекетке айнала алдық. Ал халықтың рухани тамыры мықты болса, еңсермес қиындығы жоқ деп ойлаймын. Өйткені ғасырлар бойы ұлтымыздың ұлттық рухы ұлы мұраттар жолына жетеледі емес пе?! Тек бұл мұратқа жету жолында халқымыз прагматизмнің парқына барып, бәсекенің көшіне ілесіп, мәңгілік мұрасын жадында сақтауы керек.
Рухани құндылықтар ауысып, адамзат аласапыран күй кешкен шақта қоғамдық сананы жаңғыртудың өзектілігі арта бермек. Осы бағытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші тынысы ашылды деуге әбден болады. Жаһандық дағдарысты жеңіл еңсеру үшін халықтың санасын, өмір-салты мен ұстанымдарын трансформациялауымыз керек. Бұл тұрғыда бағдарламаның жаңа жобалары халыққа жол тартады. Осы тұста зиялы қауымды, әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерін ортақ пікірлесуге шақырамыз.
Жаңғырудың ендігі міндеті халықтың уақытын жоспарлап, қаражатын, ресурс¬тарын тиімді жұмсап, айқын мақсаттар қойып, сол бағытта нәтижеге жету сынды қасиеттерді қалыптастыру. Себебі дағдарыстан кейінгі өмір масылдықты емес, бәсекеге қабілеттілікті талап ететін болады. Дағдарыс тек экономикалық құлдыраудың емес, жаңа мүмкіндіктер мен дамудың бастауы екенін түйсінуіміз керек. Қажырлы еңбек пен ақпараттық, қаржылық сауаттылық алдағы қоғамның жарқын көріністеріне айналады. Халық ақпарат толқынының астында қалып қоймауы керек. Әр сөздің түбіне үңіліп, керегін ғана санамызға тоқитын кезең келе жатыр.
Жаһандық пандемия адамзатқа таби¬ғат алдындағы ұмытқан борышын да еске салды. От¬басылық құндылықтың, туыстық қаты¬нас пен бауырмалдықтың, дәстүр-леріміз бен рухани мұрамыздың қадірін тү¬сіндірді. Мұндайда бақтың тек бағалай білгенге қонатынын ұғынамыз.
Бір ақиқат бар: енді әлем бұрынғыдай болмайды... Иә, тереңнен толғап, арыға үңілсек санамызда сілкініс, қоғамда үлкен қозғалыс қажеттілігін пайымдаймыз. Қоғамдық санада көзқарастар жаңғырып, құндылықтарды бағалау көрсеткіші де ауы¬суда. Әлемді жаппай жаулаған дағдарыс
дауылы жаһанды күйзеліске ұшыратты. Бірақ әрбір аласапыранның артында дамудың даңғыл жолы жатады емес пе? Тоқырау кезеңі орта және шағын бизнестің жаңа тынысын ашып, отандық өнімнің өрісін кеңейтері анық. Берілген қолдау мен мүмкіндікті ұтымды қолданар сәт келді.
Экономика мен әлеуметтік сектордың құлдырауы әлем елдерінен дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жедел қабылдауды талап етіп отыр. Соған орай елімізде Мемлекет басшысының ықпалымен нақты әлеуметтік жәрдемақыларды көбейтумен қатар несиелердің пайызын төмендету, салықтық жүктемені азайту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары атқарылуда.
Пандемия кезеңінде мемлекеттің рөлі мен дәстүрлі билік институттарын күшейтудің маңызды екеніне көз жеткіздік. Цифрлы технология халыққа үстемдік еткен кезеңде мемлекетті басқарудың тиімді әдістері алдыңғы шепке шығып отыр. Азаматтардың құқықтары атқарған міндеттері бойынша таразыға салынуда. Қытай мемлекетіне таяуда жүргізілген ауқымды сараптама өзін өзі ұйымдастыру мен жаппай шектеудің, темірдей тәртіптің маңызын айқындап берді.
Төтенше жағдай цифрлы техноло¬гиялардың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Адамзат жаппай электронды формада өмір сүрудің артықшылықтарын бағамдады. Сауда, қызмет көрсету, білім беру мен өзге де маңызды салалар дағдарыс жағдайында тиімді дамудың жаңа жолын көрді. Осыған дейін қиынға соққан ауқымды цифрландыру тек мемлекеттік емес, жеке сектордың да негізгі міндетіне айналды.
Коронавирус күллі әлемнің меди¬ци¬налық дамуына үлкен бетбұрыс әкел¬ді. Италияның сәтсіз тәжірибесінен кейін, биотехнология мен медицинаға қол¬дау¬дың артары анық. Заман талабына сай медицинаның қашықтан қызмет көрсетуге көшуі әлемдік тенденцияға айналды. Пандемиядан кейін де дәрігер мен ұстаздың еңбегін бағалаудағы бетбұрыс жалғаса беруге тиіс. Дағдарыс халықты әуелі адами құндылықтарды бағалауға үйретуде. Мәж¬бүрлі оқшауланған өмірден кейін адам¬зат мейірім мен махаббатты, ізгілік пен сыйластықты, қарым-қатынас пен жана-шырлықтың қадірін түйсінуде. Бұл жалпы қоғамдық сананың дамуындағы төңкеріске теңеуге болатын игі өзгерістер.
Биыл 175 жылдығын атап өтіп жатқан данышпан Абай біздің неден жиреніп, нені үйренуіміз керегін көрегендікпен айтып кеткеніне тағы да қайран қаламыз. Енді ел боламыз десек, ұлы ақын айтқан «бес нәрседен қашық болу, бес нәрсеге асық болу» ұстанымын сақтауымыз керек. Бойымыздағы жаман әдеттерден арылып, «талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым» сияқты қасиеттерді бойымызға сіңіре білудің қажеттігін бүгінгі төтенше жағдай терең ұғындыра түскендей. Сон¬дық-тан ұлыларды ұлықтап, Әбу Насыр әл-Фа¬рабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығын атап өту жалғасын табатын болады. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасының заңды жалғасы іспетті.
Осыдан 3 жыл бұрынғы бағдарламалық еңбегінде Елбасы: «Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз де бұған дайын болуымыз керек», деп атап көрсеткен еді. Сол кез келе жатыр. Өмірдің салты өзгереді. Өмірдің салты өзгерсе, адамның қалпы да өзгеруі керек. Бұл арада далалық дара да дана дәстүрлерге берік, соның арқасында небір қиындықтарды еңсеріп келген халқымыз дәстүршілік пен кертартпалықтың аражігін айыра білгені абзал болар еді дейміз. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар. Озығынан үйренген, тозығынан жиренген жұрт қана мына жаһандық жанталаста жеңіп шыға алады. Жедел жүріп жатқан жаһанданудың арқасында бізге өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі беріліп отыр. Тұңғыш Президент – Елбасы күні кеше осы тақырыпқа арнайы мақала жариялап, халыққа басалқалы сөзін де айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдірді.
Қазір көңіл тоғайтуға, бейғамдыққа салынып, босаңсуға тіпті де болмайды. Бүгінгі жағдай Нұрсұлтан Әбішұлы атап айтқандай, «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» екенін тағы да таныта түседі.
Қалай десек те, әлемнің бұрынғыдай болмасы хақ. Бойында рухы мен құндылығы, адами жігері мен жаңашылдығы бар халық қана дамудың жаңа сатысына аяқ басады. Кемеңгер халқымыз өскелең ұрпақ пен тәуелсіз еліміз алдындағы, тіпті әлем алдындағы жауапкершілігін жақсы сезінеді. Мәңгілік елдің ұлы құндылықтарын бағамдай білсек ұлттық бірегейлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты еңсере алатынымыз анық. Тек елдің ішкі бірлігі мен тұтастығы мызғымау керек. Төрткүл дүниені дүрбелеңге салған дертті де, дағдарысты да «бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып» біріккенде ғана еркін еңсере аламыз.
Рухани жаңғыруды руханияттың жаңғыруы деп ұғатындар, оны сол сала¬ның мекемелерімен шектеп қоятындар қателеседі. Рухани жаңғырудың өзегі, негізі, бастауы – рухтың, сананың жаң¬ғыруы. Санамыз жаңарып, жан дүниеміз ағарып, рухымыз жаңғырғанда ғана Абай айтқандай толысып, толық адамға айналып, кемелімізге келеміз деп ойлаймын.
Осындайда қазақ әдебиетінің патриархы, халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өткен жылдың аяғында Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында тұрып өзінің 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында айтқан мына сөзі еске түседі:
«Бір-бірін сыйлай білетін
Бір-бірін қолдай білетін
Сасқанға сая болатын
Асқанға тосқан болатын
Қазақты көргім келеді!
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан тәуелсіздіктің көк байрағы мен елдің аманатын жауап¬кершілігіне алған Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жанына ұйысып, хал¬қы¬мыздың асыл арманы мен үкілі үмітін іске асыруда жұмыла еңбек етейік! Ғасырдай өмір сүрген сәтімде сіздерге айтар аманатым осы!» деген Абыз ағаның тілегі қабыл болғай!

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы


13 сәуір 2020 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031