Құрылтай
» » Коронавирусты екі тәулікте басатын дәрі табылды

Коронавирусты екі тәулікте басатын дәрі табылды

Паразиттерге қарсы ивермектин вирусқа қарсы күші бар және SARS-CoV-2-нің жасушасының көбеюін 48 сағатқа дейін басуға қабілетті. Мұндай болжамды аустралиялық Монаш Университетінің және Мельбурндегі Корольдік аурухана мамандары жасап отыр. Мамандардың шешімін Antiviral Research басылымы жариялаған, - деп хабарлайды Тенгри Жаңалықтары.


Зертханада мамандар ивермектиннің күшін тексеру үшін коронавирус инфекциясын жұқтырған клеткаға дәріні коронавирус анықталғаннан кейін 2 сағаттан соң енгізген. Нәтижесінде препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық рибонуклеин қышқыл саны 93 пайызға, ал екі тәуліктен кейін - 99 пайызға төмендегені анықталды.

"48 сағаттан кейін бұл әсер бақылау үлгілерімен салыстырғанда ивермектинмен өңделген жасушаларда вирусты РНҚ-ның 5000 есе төмендеуі байқалды. Бұл препаратты қолдану бүкіл вирустық материалдың жоғалуына әсер ететінін көрсетті", - делінген жұмыста.
Одан бөлек, тәжірибе кезінде ивермектиннен үлгілерге улағыш әсер етпеген.

Ғалымдар олардың жұмысы коронавирусты жұқтыру жағдайында дәрі-дәрмектерді қолдануға зерттеуді бастауға көмектеседі деп үміттенеді. Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирусын төмендетуге, ауру кезіндегі асқынулардың дамуын болдырмауға және инфекцияның адамнан адамға берілуін тоқтатуға көмектесе алады.

09 сәуір 2020 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31