» » «АҚШ, Еуропадағы мамандардың өзі әлі коронавирустың емін тапқан жоқ. Біздің дәрігерлер қалай емдеуде?» - ресми өкіл жауабы (ВИДЕО)

«АҚШ, Еуропадағы мамандардың өзі әлі коронавирустың емін тапқан жоқ. Біздің дәрігерлер қалай емдеуде?» - ресми өкіл жауабы (ВИДЕО)

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп журналист Мақсат Толықбайдың: "Әлем бойынша мысалы, АҚШ, Еуропадағы ғалымдар мен мамандардың өзі әлі коронавирусқа қарсы ем тапқан жоқ. Біздің дәрігерлер сонда қалай, немен емдеп жатыр?", - деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Ақмешіт апталығы сайты жазады. 
Журналистің сауалына Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Instagram-дағы тікелей эфир барысында нақты жауап айтты.

"Жалпы ең алдымен, бізге емді берген Қытай дәрігерлері. Өйткені, бұл індет Қытайдан басталды. Олар толыққанды айығып шықты. Олар күн сайын, әр апта сайын өздерінің істеп отырған жұмыстарын, емдеу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына беріп отырды. Олар оның бәрін тексере келе, 200-ден астам елге таратты. Яғни, протокол жасады. Сол бір протоколға, алгоритмге сәйкес ем жүреді. Бұл қазір төртінші кезеңдегі алгоритм.

Күн сайын Денсаулық сақтау министрлігі Skype арқылы өздерінің шетелдік әріптестерімен конференция өткізеді. Осы 3-4 күн ішінде біз жапон, қытай, израиль дәрігерлерімен 2,5-3 сағат көлемінде Skype арқылы шығып, барлық сұрақтарды талқылап, өзара келісімшартқа келдік. Жалпы дүниежүзі бойынша емнің бір ғана түрі бар. Ол мына ДДҰ-ның бізге беріп отырған протоколы бойынша емделеді.

Керекті дәрілерін ішеді, уколдарын алады. Яғни, өзіндік инфекционист дәрігерлердің білетін емдері бар. Сол арқылы емделіп отыр. 2-2,5 апта мөлшерінде айығып, құлантаза емделіп, үйлеріне қайтып жатыр. Қазіргі таңда 21 адам жазылды", - деді Диас Ахметшәріп.


31 наурыз 2020 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 133

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930