» » Аймақ басшысы Ұлттық сараптама орталығының жұмысымен танысты

Аймақ басшысы Ұлттық сараптама орталығының жұмысымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы Ұлттық сараптама орталығында болып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz 
Облыс орталығында орналасқан ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының филиалы қажетті құралдармен жабдықталған.
Қазіргі таңда эксперт-тест қондырғыларының саны – 800 дана. Бұған қоса, қорғаныш костюмдері мен бетперде, қолғаптар бар.
Сондай-ақ, 30 наурыз күні қосымша медициналық бұйымдар әкелінеді.
Гүлшара Әбдіқалықова орталықтың медициналық құрал-жабдық қоры және адам ағзасында қауіпті індетті анықтауға арналған әдіс-тәсілдерімен таныса келе, аталған мекеменің өзекті проблемаларын да тыңдады.
Бүгінде орталыққа залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу үшін арнайы киімдер қажет. Осы мақсатта аймақ басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

28 наурыз 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 919
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930