» » Мемлекет басшысы медицалық бетперде мәселесін көтерді

Мемлекет басшысы медицалық бетперде мәселесін көтерді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтіндігін мәлімдеді, деп жазады kyzylorda-news.kz

«Бізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтіндігін атап айтқым келеді. Бірақ қағаз жүзінде бәрі жеткілікті. Бір жағынан халық дәріханаларда бетперделердің әлі де жоқ екенін айтып шағымдануда. Неге? Бұл алыпсатарлық деп ойлаймын», – деді ол.
«Біз барлық қалалардағы негізгі көшелерде азаматтарымызға тегін маска тарата алатындай болуымыз керек. Бұл Үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндет», – деді президент.
«Соңғы бірнеше күнде Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның Президенттерімен сөйлестім. Негізінен біз Үкіметтеріміздің тығыз ықпалдаса жұмыс істеуі керектігі жайында әңгімелестік. Бұл ортақ мәселе болғандықтан бірлескен жұмыстарды арттыра түсуіміз керек. Бірлесе әрекет еткен жөн», – деді мемлекет басшысы.
«Бақылау-өткізу бекеттерін қойғанымыз әзіл немесе қойылым емес. Карантин режимін қатаң сақтамай, біз бұл бағытта ешқандай табысқа қол жеткізе алмаймыз. Біз карантин жағдайын қатаң сақтауға тиіспіз», – деді президент.
Мемлекет басшысы халықты бетперделермен жедел қамтамасыз етуді талап етіп, еліміздің барлық азаматтарын үнемі антисептиктерді пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның 160-тан астам елге таралғанын атап өтіп, шекаралас мемлекеттердің Үкіметтерімен іс-қимылдарды үйлестірудің маңыздылығына назар аударды.Қазақстан Президенті елімізде карантин режимін сақтаудың маңыздылығына тоқталып, барлық азаматтарды, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілерді белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істеуге шақырды.
22 наурыз 2020 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031