» » «Antikor» орталығында брифинг өтті

«Antikor» орталығында брифинг өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі департамент) басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов, Көліктік бақылау инспекциясының орынбасары Г.Пірназарова және «Адал жол» жобасы аясында жұмыс жасайтын облыстық жобалық топ мүшелерімен бірлесіп«Antikor» орталығында«Адал жол» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг өткізді.
Брифингке«Номадас» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, ««Арлан Транс» ЖШС басшылығы мен жолаушылар пойызына жауапты басқа да жауапты тұлғалар қатысты.
Сонымен қатар, департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы жолаушылар тасымалымен айналысатын вагондардың тозығы жеткені, сервистік қызмет көрсету бойынша кемшіліктердің көп екендігіне атап өтті.
Арнайы мониторинг тобының жетекшісі Л.Бақтыбаева «Адал жол» жобасы аясында құрылған топ мүшелерінің қатысуларымен темір жол көліктеріне 8 рет рейдттік шаралар жүргізу барысында, темір жол көлігіне билетсіз мінген 5 жолаушы анықталса, жолсеріктерге қатысты көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделгенін,әр-түрлі техникалық 15 кемшіліктер анықталғанын, алдағы уақытта жолаушылар пойызына жауапты тұлғаларды кемшіліктерді болдырмауға нақты шаралар қабылдауға шақырды.
Сондай-ақ, Көліктік бақылау инспекециясы басшысының орынбасары Г.Пірназарова, жолаушылар тасымалына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндірді.
Брифинг соңында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.
04 наурыз 2020 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031