» » Қызылорда облысы былтыр «Үздік спорттық өңір» атанды

Қызылорда облысы былтыр «Үздік спорттық өңір» атанды

Қызылорда облысының спорт саласындағы жетістіктері жылдан-жылға артып келеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтіп жатқан халық алдындағы есепті кездесуінде баяндады, деп жазады Kyzylorda-news.kz 


   Қызылорда облысында өткен жылы Ғани Мұратбаев атындағы стадион қайта жаңғыртудан, Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің ғимараты күрделі жөндеуден өткен. Ал, «Нұрсәт» теннис орталығының төртінші жабық кортының құрылысы жалғасуда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 6 спорт кешені пайдалануға берілді.

   Өңір спортшылары 2019 жылы ел чемпионаттарында 1457, Әлем және Азия чемпионаттарында 170 медальға қол жеткізді, 578 спортшы Ұлттық құрама сапына енген.

   Өткен жылдың айтарлықтай жаңалығы – «Қайсар» футбол командасы 20 жыл уақыттан кейін екінші рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Алдағы мақсат – Еуропа лигасында лайықты өнер көрсету.

   Жыл қорытындысымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған «Алтын Самғау-2019» Ұлттық конкурсында Қызылорда облысы «Үздік спорттық өңір» номинациясын жеңіп алды.

   «Мойындау керек, біз үшін әлеуметтік-маңызды сұрақтарды шешуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдаланудың зор пайдасы тиіп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бізде денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларда 142 жоба бар. Олардың 56-сы бойынша жобаларды іске асыру шарттарына инвесторлармен қол қойылды. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу барысында бюджеттен инвестициялық шығындарды талап етпейтін, мемлекеттік тапсырыс немесе нарықта қызмет көрсету арқылы жұмыс жасайтын жобаларға басымдық беріледі», – деді аймақ басшысы Қ. Ысқақов.

19 ақпан 2020 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930