» » «Көршілер бақылауы» бағдарламасы түсіндірілуде

«Көршілер бақылауы» бағдарламасы түсіндірілуде


Абай даңғылы №51 үйдің ауласында облыстық полиция департаменті қызметкерлері тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын қылмыс пен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде мүлік қылмыстарының алдын алу, тосқауыл қою мақсатында «Көршілер бақылауы» бағдарламасын енгізу мәселесі бойынша өтті.
Аталған бағдарламаның мақсаты - бір үйдің немесе бір аудандағы үйлердің тұрғындары өз аумағын қадағалау арқылы көрген бұзушылықтар менкүмәндары туралы дер кезінде полицияға хабарлауын қамтамасыз етіп,  келіп түскен ақпаратқа байланысты дереу шараларды үйлестіру болып табылады.
Көршілер бақылауының жақсы қызметінің кепілі болып үй тұрғындары мен полиция арасындағы ынтымақтастық және ақпаратпен алмасу болып табылады.
Аталған  іс-шара қаламыздың Шұғыла мөлтек ауданы, Өсербаев көшесі бойындағы орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында және басқа да аймақтарда жалғасын табатын болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
27 қаңтар 2020 ж. 1 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 974
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031