» » «Олимп» букмекерлік кеңселерінің жұмысы тоқтатылды

«Олимп» букмекерлік кеңселерінің жұмысы тоқтатылды

«Бүгіннен бастап елімізде «Олимп» букмекерлік кеңселерінің жұмысы тоқтатылды», – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 
Енді Қазақстанда «Олимп» кеңселерінің лицензиясының тоқтатылуына байланысты ставкалар қабылданбайды. Бұл ақпарат букмекерлік кеңсе өз хабарламасында жарияланды.
Бұған дейін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері прокуратура мамандарымен бірлесіп, «Олимп»  букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты тергеу жүргізген болатын. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген еді. Компания Қазақстан заңнамасының нормаларын бұзып, интернет ресурстар арқылы лицензияланбаған қызмет көрсеткен. Түскен табыстан салық төленбегені де белгілі болды.
«Ел аумағында ақшаны заңсыз шығару арнасы анықталып, жолы кесілді. Қаржы қылмысына қатысты өзге де әрекеттер анықталып жатыр», –деп мәлімдеген ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз парақшасында.
22 қаңтар 2020 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 955
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031