» » Байқоңырлық балабақша: Шешімін тапты

Байқоңырлық балабақша: Шешімін тапты

ЖОСАЛЫ, 13 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz  Байқоңыр қаласында орналасқан «Ион Акуа Шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқоңыр қаласындағы филиалы болып табылатын «Ғарышкер» балабақшасы 2019 жылдың 22 қазанында аудандық білім бөліміне конкурсқа құжаты тапсырылған.
Конкурс қорытындысымен 15 қарашадан бастап жұмыс жасауға рұқсат берілген.
Аудандық білім бөлімі аудан әкімінің қаулысын 15 қарашадан бастап дайындап, үстіміздегі жылдың 12 желтоқсан күні №34 қаулысы шығарылып, келісім – шарт жасалды.
Осы ретте, «Ион Акуа Шипажайы» байланысып атқарылған жұмыстар жайлы түп нұсқа актісі (АКТ выполных работ) сұратылған болатын.
Алайда, 30 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00 – де «Ион Акуа Шипажайы» атқарылған жұмыстар жайлы түп нұсқа актісін (АКТ выполных работ) алып келіп, аудандық білім бөліміне ұсынды.
Осыған байланысты аудандық білім бөлімі аталған күні кешке қаражатты «Ион Акуа Шипажайына» аударды. 
31 желтоқсан күні сағат 09:00-де азанда порталда төленді деген статус берілді.
Балабақшаға жолдама 98 балаға берілді. Әр балаға 33 560 теңгеден қаралған. 12 күнге 2 034 720 теңге қаражат аударылды. 
«Ион Акуа Шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқоңыр қаласындағы филиалы «Ғарышкер» балабақшасының мәселесі аудан басшылығының бақылауында екендігін жеткіземіз.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 6 қаңтар күні Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшылғы Байқоңыр қаласында орналасқан "Ион Акуа Шипажайы" ЖШС Байқоңыр қаласында филиалы болып табылатын "Ғарышкер" балақшасының қызметкерлерімен кездесіп ұжымға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаңа жылдан бастап жолдамамен 180 балаға мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, əрі қарай Ғарышкер балақшасының ұжымы жұмыстарын жалғастыратын болып келісілді.
13 қаңтар 2020 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930