» » Облыс әкімі: Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейді

Облыс әкімі: Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізді, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
Бүгінде Қызылорда облысында Үкіметпен бірлесіп Байқоңыр қаласын, сондай-ақ, оған іргелес жатқан Төретам және Ақай елді мекендерін дамытуға республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Мәселен, биыл Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған 50 пәтерлік 5 үйдің құрылысын аяқтадық. Бұл екіжақты қарым-қатынас аясындағы үлкен жетістік, себебі, өздеріңіз білетіндей, қала негізінен Ресей Федерациясының юрисдикциясында қызмет етуде», – деп атап өтті аймақ басшысы.
Оған қоса тағы 5 көппәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын салу жөнінде шешім қабылданған.
Сонымен қатар, қайта жаңғыртуға жататын қаланың су құбыры және кәріздік жүйелері жалға беруден шығарылып, 7 жылғы мерзімге Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді.
22 қараша 2019 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031