» » Қызылордада инвесторлармен 42 жобаға қол қойылды

Қызылордада инвесторлармен 42 жобаға қол қойылды

Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
«Әлеуметтік маңызды мәселелерімізді шешуде бізге мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту үлкен демеу болды. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқасында өткен жылдары «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындай алдық», – дейді облыс әкімі.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салаларда 142 жоба бар. Олардың 42-сі бойынша инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру туралы келісім шартқа қол қойылған.
Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципін пайдалана отырып, жеке инвесторларды ынталандыру, тарту жолға қойылған. Осы арқылы аймақтағы маңызды мәселелер шешімін табуда. Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципін пайдалану бюджет қаражатын үнемдеп, оларды басқа да әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге бағытталады.
22 қараша 2019 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 945
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930