» » Облыста мұғалімдер жұмысқа автоматтандырылған жүйе арқылы қабылданады

Облыста мұғалімдер жұмысқа автоматтандырылған жүйе арқылы қабылданады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді, дейді Kyzylorda-news.kz. 
Қызылорда облысында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 2015 жылы 100 пайызға жеткен. Сондай-ақ, өңірдегі апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер мәселесі толығымен шешілген. Осының арқасында аймақтағы білім беру деңгейі біршама көтерілген.
Соңғы үш жыл ішінде мектеп түлектерінің 98 пайызы жоғарғы оқу орындарына және колледждерге түскен. 500-ден аса мектеп түлектері Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда.
Аймақ басшысы брифингте облыстағы білім беру жүйесіне жеке секторды жаппай тарту міндетін қойып отырғандығын жеткізді. Енді жеке мектептерді дамыту, жатақханалар мәселелері инвесторлар қаражаты арқылы шешіледі. Ал, колледждер сенімді басқаруға беріледі.
Жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшірілмек.
«Бұл – барлық деңгейдегі педагогтарды жұмысқа, атап айтқанда, балабақша, мектептер, колледждерге, ал, балаларды бірінші сыныпқа, мектептерге оқушылар қабылдау және тағы басқа қызметтер. Биыл 100-ге жуық мұғалім автоматтандырылған жүйе арқылы жұмысқа қабылданды. Ал, 1-ші қарашадан бастап облыстың барлық мектептеріне бірыңғай сайттар қосылатын болады», – деп мәлімдеді өңір басшысы.
Сондай-ақ, ол блыста келесі жылы мектептер заманауи инновациялық физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталатынын жеткізді.
22 қараша 2019 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 251

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930