Құрылтай
» » Салалық журналистика сапалы ақпарат таратады

Салалық журналистика сапалы ақпарат таратады


Журналист бір салаға терең бойлап, сол тақырып төңірегінде көп ізденсе, онда оның ақпараты мәнді әрі құнды болмақ. Бүгінде бізге жетіспейтін осы - салалық журналистика. Сондықтан журналистикаға бет бұрған әрбір жас өзін осы бағытқа бейімдегені жөн. Бүгін белгілі журналист Серік Жанболат Сыр журналистеріне осындай ой айтты. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының үйлестіруімен өткен осы шарада Қазақстан Журналистері академиясының академигі Серік Мейрамбекұлы бұдан бөлек қызылордалық әріптестеріне "Ақпарат газетін шығару жолдары" мен "Сараптама бағдарламасын қалай ұйымдастыру керек?" деген мәселелерді де кеңінен қозғады. 
Аймақтағы БАҚ саласының өкілдері осы семинарда облыстық "Сыр бойы" газетінің журналисті Жолдасбек Ақсақаловтың да дәрісін тыңдады. Ж.Ақсақалов жас журналистерге қазақ журналистикасының кешегісі мен бүгінгісі жайлы айтып, журналистің фактіні алу тәртібі мен оны өңдеу жолдарын түсіндірді. Шара соңында қатысушылар қос қаламгерге сауалдарын қойып, өз мамандықтарын жетілдіру жолдарын жан-жақты талқыға салды.
20 қараша 2019 ж. 1 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31