Киелі мекендер
Аргентиналық фотограф Фернанду Массели адамдардың сенімі мен дініне табиғи ортаның қалай әсер ететінін бақылау үшін Испаниядағы халық кие тұтатын орындарды жинақтапты.
Гарахонай, ИспанияКанар архипелагындағы Гомер аралында орналасқан Гарахонай ұлттық саябағы кезінде жергілікті халықтың алғашқы қоныс тепкен мекені болған. Бұл жердің аты Гара және Хонай атты ғашықтардың аңызынан қалған. Аңыз бойынша екі ғашықтың махаббатына олардың ата-анасы қарсы болып, екеуі сол аймақтағы ең биік құздан құлап өледі.
Балайтус, ИспанияБиіктігі 3144 метр Балайтус шыңынан Пиреней тауларының ең биік шатқалдары басталады. Жергілікті аңыздар мен мифология бойынша бұл шатқалды қарғыс соққан. Олай болу себебі таудың бұл бөлігі түнерген қапасқа ұқсайды.
Саградо Корасон шыңы, ИспанияСаградо Корасон шыңы Пикос-де-Эуропа жоталарының биік нүктелерінің бірі. Әлі күнге дейін мыңдаған католиктер Қасиетті Мәситттің жүрегі саналатын бұл жерге қажылыққа келеді.
Тейде жанартауы, ИспанияТенерифе аралындағы Тейде жанартауы жергілікті гуанчиліктердің сенімі бойынша Гуайота атты дүлей перінің мекені болған. Одан ертеректе туған аңыздарда Тейде канарлықтардың қасиетті төбесі саналған.
Орриус орманы, ИспанияБарселона қаласының маңында орналасқан Орриус орманы ұзақ жылдар нәтижесінде мистикалық салт-жоралғылар мекеніне айналды. Орман ішіндегі бірнеше көне долмендер соған айғақ болады. 1960-шы жылдары бұл орман әлем уфологтарының "қажылыққа" баратын жері болған. Қазірдің өзінде Орриусқа магиялық тәжірибе жасау үшін түрлі көріпкел, магтар жиналып тұрады.
Пікір 729