» » "Хэллоуиннің" жаршысы болма, жас буын!

"Хэллоуиннің" жаршысы болма, жас буын!

Шетелдіктер түсірген кино, мультфильміндегі кейіпкердің киімін киген, немесе бетін түрлі қорқынышты гриммен әрлейтін мереке келді бүгін. Мереке дейміз-ау. Әрине, бізге емес. Батыстықтар үшін «мереке». Ал, біздікілер көшірмесі оның. Жат болса да етегіне жармасып жүрген кейбіреуін көріп «қарның ашады». Жалпы "Хэллоуин" деген қандай мереке? Қазақ жастары осы мерекені тойлауға неге сонша құмартты?


Ең бірінші "Хэллоуин" деген сөздің мағынасына тоқталайық.

Атауын естігенде шетелдік «ужас» киносы ойға оралады. Ал, оқып отырғаннан-ақ қазақы сөз емес екенін байқайсыз. Демек, сөздің де, мерекенің де шетелден келгені белгілі. Бізге қысқарып жеткен ағылшынның "Halloween" сөзі "All Hallows Even" немесе "All Hallows Eve" деген сөздерден шыққан. Енді қызықты қараңыз. Соны өз тілімізге аударсақ "Барлық әулиелер кеші" дегенді білдіреді екен. Еуропадан АҚШ-қа көшкен иммигранттар осы мейрамды алып келгеннен кейін, тек өткен ғасырдың 1920 жылы Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында алғаш рет ресми тойлайды. Бұл мерекенің тағы бір тұсы – бұзақылықты насихаттау. Яки "Хэллоуинде" ағаштарды өртейді, шамдарды сындырады, кинода көргеніміздей біреудің үйін айнала әжетхана қағазымен орайды. Оларда бұл – сәнге айналған. "Хэллоуинді" АҚШ-қа иммигранттардың әкелгенінен-ақ 1950 жылдан бастап “Хэллоуин” коммерциялық тұрғыдан пайда әкелетін құралға айналдырғаны айтпаса да түсінікті. Яғни қорқынышты костюмдер, ашық хаттар, әшекейлер және басқа да заттар өте жоғары сұраныстарға ие болып, кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетуіне септігін тигізеді. Алғаш АҚШ пен Канадада тойланған “Хэллоуин” бүгінде Еуропа мен басқа да құрлықтарға етек жая бастады. Бертін келе Қазақстанға да жетті. Мұнан да шет қалмай жатырмыз. Сондай-ақ, ІХ ғасырда Папа Григорий ІІІ барлық әулиелер күнін тойлауды 13 мамырдан 1 қарашаға ауыстырған әрі бұл күнді жыл бойына өз мейрамдары болмаған әулиелерге бағыштаған көрінеді.

"Хэллоуинді"  неге тойлауға болмайды?

Ең алдымен мынаны ескерейікші, біз - мұсылманбыз. Сондықтан бұл мереке - тек христиан дінін қабылдағандардікі болып есептеледі. Ал тіпті, кейбір христиандар мұны тойлаудан бас тартқан екен. Мәселен, көршілес Ресейдің Мәскеу патриархаты мен Ресей мүфтилерінің кеңесі "Хэллоуин - Ресейге жат мейрам" деген пікірді алға тартқан. Ал, біздікі енді не жорық?
Жалпы 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түн "Хэллоуин" түні болып саналады. Ал, біздікілер мұны бір апта тойлайды. Әсіресе түнгі клубтар бұл лекті бастап тұр. Шын бет-бейнесін жасырып, жын-періге айналу арқылы нені ұтамыз? Жалпы не бұл?  "Хэллоуинді" тойлаудың қажеті қаншалықты? Бұл мерекені тойлау дінімізге де, салтымызға да үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Себебі, шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кәпір қауымға ұқсап қалудан сақтандырған. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім бір қауымға ұқсағысы келсе, ол солардан болады” - деді (Ахмад, Абу Дауыт риуаят еткен).
Айнұр ӘЛИ.

31 қазан 2018 ж. 1 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031