» » Күндізгі ұйқының қаупі қандай?

Күндізгі ұйқының қаупі қандай?

Ұйқының қанбауы денсаулыққа зиян келтіретін проблемаға айналуы мүмкін. Соның ішінде, инфаркт, инсульт және депрессия сияқты ауруларды тудыруы ғажап емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


РИА Новости мәліметтері бойынша, зерттеулерге сәйкес, күндізгі ұйқы энергия беріп қана қоймайды, сонымен бірге ақыл-ой қабілетін едәуір жақсартады.
Алайда бірнеше маңызды ережелерді сақтау керек.
"Қысқа күндізгі ұйқы мидың жұмысына жақсы әсер ететінін көрсеткен зерттеулер бірнеше рет жүргізілген. Кейбір тәжірибелер кезінде адамдардың ақыл-ой белсенділігінің әртүрлі аспектілерін жадыны, есте сақтау қабілетін жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыратыны анықталған. Ұйықтаған кезде мидың функциясы қалпына келеді, дейді зерттеулерді. Алайда мұндай сезімді адам күн сайын таңертең сезінеді, күндізгі ұйқыдан кейін көбіне адам өзін жағымды сезінбейді", — дейді ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі, Сеченов университетінің жүйке аурулары және нейрохирургия кафедрасының доценті Михаил Полуэктов.                                                .
Еуропалық ұйқыны зерттеушілер қоғамының сарапшысы Александр Калинкиннің айтуынша, егер ересек адам түнде жеті мен тоғыз сағат аралығында ұйықтаса, оған күндізгі уақытта қосымша ұйқы қажет емес. Егер адамды ұйқы қысса, бұл денсаулықтың ауыр проблемаларын білдіруі мүмкін.
Маман күндіз жарты сағаттан артық ұйықтамау қажет екенін айтады. Себебі ұзақ уақытқа созылған ұйқыдан ояну да қиындау болады. Себебі адам ұйқыдан соң ми функциясының жедел жұмыс істеу қабілеті төмендейді.
Адамды күндіз ұйқы жиі қысатын болса, оның салдары жағымсыз болуы мүмкін. Қант диабеті мен депрессиялық ауруларға әкеледі, дейді мамандар.
27 ақпан 2021 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031