» » Алоэнің қандай қасиеті бар?

Алоэнің қандай қасиеті бар?

Алоэ - Африкада биіктігі 4 м-ге жететін мәңгі жасыл шырынды, емдік өсімдік.


Алоэ өзінің пайдалы қасиеттеріне байланысты үй өсімдігі ретінде кең таралған.
Алоэ іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын сабурдың (қоюландырылған алоэ шырыны) негізгі көзі болып табылады. Дәрілік шикізат ретінде ұзындығы кемінде 15 см жапырақтар қолданылады. Қысқы-көктемгі кезеңде кесілген жапырақтардың емдік және пайдалы қасиеттері айқынырақ болады.
Алоэ шырыны дәрумендерге, ферменттерге, қышқылдарға бай. Алоэ жапырақтары мен сабағында аллантоин, В дәрумендері кешені түрінде табиғи антиоксиданттар, С және Е дәрумендері, сондай-ақ, ағзада А дәруменіне айналатын бета-каротин бар. Өсімдікті кесуден бір-екі апта бұрын суарылмаса және кесіп алғаннан кейін жапырақтарын тоңазытқышта 10 күн сақтаса, алоэнің пайдалы қасиеттері күшейе түседі.
Алоэ шырыны дәстүрлі медицинада кеңінен қолданылады. Оның қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, өт айдау, күйікке қарсы және жараларды жазатын қасиеттері бар. Бұған қоса, ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтіп, тәбетті жақсартады, иммунитетті және ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттырады. Зақымдалған тіндердің қалпына келтіру процестерін күшейтеді.
Дәстүрлі медицинада алоэні іш жүргізетін дәрі ретінде қолданады, ол тоқ ішектің жиырылуын (перистальтика) күшейтеді, аз мөлшерде ас қорытуды жақсартады және тәбетті арттырады.
Алоэнің жаңа сығылған шырыны күйіктер мен сүйек майының қабынуы (остеомелит) кезінде қолданылады, жара немесе күйік үстіне шырынға малынған дәке таңғышын салады.
Темір қосылған алоэ шәрбаты (дәрілік препарат) күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылданады. Темір тапшылық анемиясы және сәулелену нәтижесіндегі анемия кезінде пайдалы.
Алоэ шырынын қайнатылған сумен сұйылтып, егер көз шаршаса немесе қабақ қызарса, онымен сүртеді немесе дәке басады.
29 қаңтар 2021 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031