» » ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Жуырда Жезқазған қаласында 23-ке дейінгі жастардың қазақ күресінен ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа аудандық «Спорт клубы» спортшысы,Әділбек Серікбаевтың шәкірті Спандияр Алмаханов қатысып, 100 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алса, түйе палуандар арасындағы белдесуде жүлделі ІІІ орын иеленді.
Өзбекстан Республикасы Хива қаласында өткен гір спортынан I ашық Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа жерлесіміз,  III Интернацонал  ауы­лы, №108 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тілеуімбет Айтпаев қатысып, чемпион атанды. Жарысқа 10 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.Осы чемпионаттан соң ол гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  және №121 орта мектепті  2009 жылы бітірген түлектердің 10 жылдық мерейтойына орай қазақ күресі, шағын футбол және арқан тартыстан аудандық турнирдің нәтижесі белгілі болды.
Бұқаралық спортты дамытуға бағыт­талған додаға 300-ге жуық спортшыдан құралған 17 команда қатысты. Қазақ күресінен І орынды Салават Мұханбетов, ІІ орынды Қажанберді Ағыбаев, ІІІ орынды Нұрбек Әлиев жеңіп алды. Футболдан І орынды 2002, ІІ орынды 1989, ІІІ орынды 1984 жылы туған жастар командалары иеленді. Арқан тартыстан І орынды 1984, ІІ орынды 1990, ІІІ орынды 1987 жылғы жігіттер еншіледі.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломы мен медалі табысталды.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
03 шілде 2019 ж. 1 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 459
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31