» » ГОЛОВКИННІҢ БАПКЕРІ КЕЛІСІМШАРТТЫ БҰЗУЫНЫҢ СЕБЕБІН АЙТТЫ

ГОЛОВКИННІҢ БАПКЕРІ КЕЛІСІМШАРТТЫ БҰЗУЫНЫҢ СЕБЕБІН АЙТТЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері америкалық Абель Санчеспен қарым-қатынасын үзгені жайлы Instagram-дағы парақшасында жариялаған болатын. Өз кезегінде Санчес бұндай шешім не себепті қабылданғанын айтып, GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшартының қаржылық тұстарын ашты, деп хабарлады Vesti.kz.

"Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Геннадий Головкин мен Абель Санчес 2010 жылдан бері жұмыс істеген болатын. Санчес боксшымен не үшін қарым-қатынасын үзгені туралы мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар алғыс пен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді», - деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұхбатында. 
 
Фото: дереккөз
25 сәуір 2019 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728