Елімізде тарихта алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты өтеді
Әлемнің 14 елінен келген әйгілі шахматшылар ертең Астанада бақ сынайды. Ел тарихында алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионаты басталады. Спорттық жарыс айналым жүйесімен өтіп, 9 кезеңнен тұрады.
Бірегей дода 14 наурызға дейін жалғасып, осы күні шараның ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылмақ. Ел намысын Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова және Қазақстан құрамасына қайтып оралған Бибісара Асаубаева сынды танымал спортшылар қорғайды. Айта кетейік, Бибісара соңғы 2 жылда ол Ресей құрамасының сапында болған еді.
Жандос Әбішев, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:
-Бибісара Қазақстан азаматтығын ауыстырған емес, ол спорттық бағыттағы азаматтықты ауыстырды. Біз Қазақстан шахмат федерациясы және құрама Бибісіра сынды талантты спортшыларымыздан айырылмауымыз керек деп ойлаймыз. Себебі ол маңызды жарыстарда сүрінбей өтуге, жоғары нәтижелерге жетуге айтарлықтай септігін тигізеді.