» » Қызылордалық спортшы бүкіләлемдік ойындарда жүлдегер атанды

Қызылордалық спортшы бүкіләлемдік ойындарда жүлдегер атанды


 Біріккен Араб әмірлігінің Шарджа қаласында ампутант және арбадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы бүкіләлемдік ойындарда қызылордалық Қолғанат Бақберген жүлдегер атанды. Сыр саңлағы ұзындыққа секіруден күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалованың хабарлауынша, аталмыш жарысқа еліміздің паралимпиялық ұлттық құрамасы сапында Қолғанат Бақберген мен Еламан Жоламан қатысып жатыр. Енді Еламан ел намысын қорғайды. 
Аталмыш бүкіләлемдік ойындар 1948 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оны өткізуге Англиядағы Сток-Мандевиль қалпына келтіру госпиталінің дәрігері Людвиг Гуттман ұйытқы болды. Содан бері ол тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Биылғы жарысқа әлемнің 50 елінен спортшылар келді. Бүкіләлемдік ойындар 17 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталмыш ойын жеңімпаздары биыл өтетін жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға жолдама алады. Сондай-ақ, 2020 жылы Жапония астанасы - Токио қаласындағы Паралимпиялық ойындарға қатысу мүмкіндігіне қол жеткізеді. 

syrboyi.kz

17 ақпан 2019 ж. 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 211
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031