» » «Muzbalaq» Астанадағы әлем чемпионатының ресми бойтұмары болады

«Muzbalaq» Астанадағы әлем чемпионатының ресми бойтұмары болады

Сурет: Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі
Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында Barys Arena спорт кешенінде өтетін күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми бойтұмары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемнің үздік балуандары бас қосатын додаға «Muzbalaq» атты қыран бейнесі серік болады. Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионаттың ресми бойтұмары ретінде қыран құстың таңдалуы кездейсоқ емес. Қазақ халқының дүниетанымында қыран еркіндік пен айбынның, биік мақсат пен қайсар мінездің нышаны. Оның шапшаңдығы, қырағылығы мен күш-қуаты күрес кілеміндегі балуанға тән қасиеттермен үндеседі.
«Muzbalaq» атауы да осы болмысты толықтыра түседі. Мұзбалақ қыранның алғыр, қайратты, бабына келген шағын сипаттайтын атау. Сондықтан бойтұмар бейнесінде спортшыға тән күш, жігер және жеңіске ұмтылыс ұлттық таныммен сабақтастырылған.
Бойтұмарға балуандардың жарыс киімі кигізілген. Оның кеуде тұсында Астанадағы әлем чемпионатының ресми логотипі орналасқан. Бұл шешім «Muzbalaq»-ты жарыстың жалпы визуалдық тұжырымдамасымен байланыстырады. Чемпионат логотипінің өзінде де күрестің қозғалысы мен энергиясы, ұлттық өрнек және Қазақстанның болмысы үйлестірілген.
– «Muzbalaq» чемпионаттың тек визуалдық кейіпкері ретінде ғана емес, жанкүйерлермен байланыстыратын негізгі образдардың бірі ретінде қолданылмақ. Жарыс күндері бойтұмар Barys Arena-да көрермендерді қарсы алып, жанкүйерлерге арналған іс-шараларға, фото және бейнеконтентке қатысады, – делінген хабарламада.2026 жылғы әлем чемпионатының мұрасы балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, жаттықтырушылар мен төрешілерге жаңа тәжірибе беруге және ұлттық жарыстарды ұйымдастырудың жаңа стандарттарын қалыптастыруға бағытталған.
Осы тұрғыдан «Muzbalaq» чемпионаттың танымал бейнесіне айналып, әсіресе, балалар мен жас жанкүйерлердің жарысқа қызығушылығын арттыруға қызмет етеді деп күтіледі.
Жақында Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында өткен әлем чемпионатында екі балуанымыз қола жүлдеге ие болған еді.
Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алса, Нұрдәулет Сейілбеков 74 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген болатын.
04 қыркүйек 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 773
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930