Мәслихаттар сайлауы
» » «Футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін»: Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты

«Футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін»: Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты


Роналду 25 жылға созылған мансабынан кейін футболдан кеткен соң саяхаттап, өзіне ұнайтын басқа да істерге көбірек уақыт бөлгісі келетінін жеткізді.
«Бұл менің футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін. Мен өзімнен кейін үлкен мұра қалдырғым келеді. Футболдан кеткен соң үлкен бос кеңістік пайда болуы мүмкін, сондықтан уақытымды түрлі істермен толтырғым келеді. Көбірек көңіл көтеріп, саяхаттап, өзім жақсы көретін нәрсемен айналысып, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімнен ләззат алғым келеді. Себебі бұл 25 жыл құрбандыққа толы кезең болды», деді футболшы.
Роналду кәсіби мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Аль-Наср» клубтарының намысын қорғады. Ол бес рет «Алтын доп» жүлдесін иеленген. АҚШ, Канада және Мексикада өткен әлем чемпионаты португалиялық шабуылшы үшін мансабындағы алтыншы мундиаль болды. Роналду бұл турнирге алты рет қатысқан алғашқы футболшылардың бірі атанды.
Футбол аңызы мансабындағы 1000-шы голын соғу мақсатына жақындап келеді. Футболшы соңғы 975-ші голын әлем чемпионатында Хорватия қақпасына соқты.
17 тамыз 2026 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30