» » «Қазақстан Барысы-2026»: Жантiлек Нұртілепұлы бас жүлдені жеңіп алды

«Қазақстан Барысы-2026»: Жантiлек Нұртілепұлы бас жүлдені жеңіп алды

Астанада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жартылай финалда Жамбыл облысының өкілі Ғалымжан Қырықбай Шымкент қаласынан келген Нұрсұлтан Қожагелдіұлын жеңді. Ал Маңғыстау облысының балуаны Жантілек Нұртілепұлы Қостанай өкілі Алмас Жұмағалидан басым түсті.
Кештің басты белдесуінде «Қазақстан Барысы» атағы үшін Ғалымжан Қырықбай мен Жантілек Нұртілепұлы күресті. Шешуші белдесу қорытындысы бойынша Нұртілепұлы жеңіске жетіп, жарыстың басты жүлдесін иеленді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Нұрсұлтан Қожагелдіұлы Алмас Жұмағалимен кездесті. Бұл белдесуде Шымкент қаласының өкілі Қожагелдіұлы жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Чемпионға «Қазақстан Барысы» атағы, алтын белбеу, ауыспалы «Тайтұяқ» кубогі және 15 миллион теңге табысталды. Күміс жүлдегерге 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге 1,5 миллион теңге беріді.
«Қазақстан Барысы» турнирі 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәстүрлі дода жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен қазақ күресінен ең мықты балуандарды жинайды. 2026 жылы жарыс өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтуде.
15 тамыз 2026 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 862
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930